ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
31 мая 2022 | 18:00

Елордалық филармонияда "От классики до этно-джаза" атты ерекше концерт өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

28 мамырда Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония сахнасында "От классики до этно-джаза" концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

28 мамырда Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония сахнасында "От классики до этно-джаза" концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Керемет коллаборация академиялық классика, джаз және дәстүрлі қазақ музыкасының орындаушыларын бір сахнаға біріктірді. Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетімен бірге Ғ.Жұбанованың әріптестері - ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова (халық әні), Еділ Құсайынов (композитор, мульти аспапшы), Асылбек Еңсепов (домбыра), дарынды музыканттар - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижеры және көркемдік жетекшісі Талғат Кәрімов (домбыра), Қазыбек Атамбаев (кахон), композитор және пианиношы Сәтжан Шәменов өнер көрсетті.

Кеш академиялық музыкамен басталды. Ғ. Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті В.А. Моцарттың "Пруссия квартеті" шығармасын орындады. Одан кейін музыканттарға композитор әрі пианиношы Сәтжан Шәменов қосылып, елордалық көрермен оның фортепиано мен ішекті квартетке арналған "Концерт - танго" квинтетін алғаш рет тыңдады.

Талғат Кәрімов домбырасын күмбірлетіп, классикалық музыканың өрісін кеңейтті. Сахнадан Махамбеттің "Жұмыр қылыш", Г.Үзенбаева өңдеген Ә. Желдібаевтың "Ерке сылқым", А. Жайым өңдеген Тәттімбеттің "Қосбасар" күйлері төгілді. Домбыраның қоңыр үні скрипка, альт және виолончельмен ұласып, көңіл пернесіне дөп түсіп жатты.

Қазақ және симфониялық оркестрлердің сүйемелдеуімен өнер көрсетіп жүрген филармония солисі Айгүл Қосанова квартетпен алғаш рет шығармашылық дуэт құрғанын жеткізді.

А.Толықбаев өңдеген халық әні "Япырай", Естайдың "Құсни, Қорлан" әндерін көрермендер жоғары бағалады.

Халық сахнаға шыққан Асылбек Еңсеповке зор қошемет көрсетіп, сағынышын білдірді, "Әке арманы" және "Әке толғауы" күйлерін орындаған соң өнерсүйер қауымның қошеметі көпке дейін басылмады.

Домбыра әуеніне ішекті аспаптар квартетімен бірге филармонияның "Қорқыт" этно-ансамблінің әртісі Қазбек Атамбаев шебер меңгерген ұрмалы аспап кахон да қосылды.

Орындаушының айтуынша, осындай мықты музыканттармен бірге өнер көрсету - үлкен мәртебе және шығармашылық тәжірибе. Асылбек Еңсепов өз кезегінде: "Концертке келген көрермендер өте талғампаз болды және әр нотаны түсінгені музыканттарға шабыт берді. Көрермендер, дыбыс, атмосфера - бәрі жоғары деңгейде болды", - деп қосты.

Қазақстан этно-музыканттарының барлығы дерлік ұстаз деп атайтын мультиаспапшы әрі композитор, шебер Еділ Құсайынов өзінің "Бұлбұл заман" және "Махамбет" атты екі туындысын ұсынды және шаңқобыз бен сыбызғы аспаптарында өнер көрсетті. Көрермендер көмеймен ән салған орындаушыға қосыла шырқады.

Концерттің соңы артистердің өнеріне тамсанып, ұзақ-ұзақ қошеметін білдіріп қол шапалақтаған көрермендердің ыстық ықыласымен аяқталды.

Квартеттің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаевтың айтуынша, концерттің мақсаты атауында тұр. "Концерттің идеясы - классикалық ішекті аспаптар квартетінің ұлттық фольклор және джазбен үйлесімін көрсету. Квартет үшін бұл кеш - әдеттегідей академиялық музыка ойнаумен шектелмейтін тағы бір шығармашылық тәжірибе".

Ал филармонияның өзі үшін, Е.Рахмадиев атындагы МАФ бас директоры Ерлан Дакенов және көркемдік жетекшісі Гүлмира Құттыбадамова бұл жоба көктемгі айтулы концерттер сериясының тамаша нүктесі болғанын және алдағы бұдан да мықты, қызықты жаңа музыкалық маусымға дайындық жүріп жатқанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer