Елордалық мұғалімнің оқушыға қол көтерген сәті видеоға түсіп қалған

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде елордалық мектепте мұғалімнің оқушыны құлағынан тартып, басынан нұқығаны түсірілген видео жарияланды. Оқушының туған әпкесінің айтуы бойынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде елордалық мектепте мұғалімнің оқушыны құлағынан тартып, басынан нұқығаны түсірілген видео жарияланды. Оқушының туған әпкесінің айтуы бойынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқушының әпкесі Facebook-те №51 мектеп-гимназиясында оқитын туған інісін бұған дейін де мұғалім сызғыштың қырымен басынан әбден ұрғанын естігенін мәлімдеді.

"Өзің бұзық болған шығарсың, дұрыс, ұстазды тыңдамасаң солай болады!" деп қойғанбыз! Бірақ, оқушыны ұруды әдетке айналдыруға бола ма?! Иә, мұғалім екінші анамыз! Оны тыңдау, құрметтеу парызымыз! Бірақ, қазіргі заман балаларын ұрып-соғып, тоқпақтап тәртіпке шақыра алмаймыз, құрметті ұстаздар! Біздің заман өтті!

Шынымды айтайын, мынаны көріп, түнімен жүрегім ауырды! Үп-үлкен бала, алдында отырған сыныптас қыздарынан ұялып, күліп қояды. Оның да намысы бар ғой! Жалпы, баламен жеке сөйлесу, келісу, сабаққа қызықтырудың тәсілдерін ойластыратын уақыт жетті ғой! Қашанғы аюға намаз үйреткендей таяқ алып жүреміз? Енді осы дұрыс па?" - деп жазды баланың әпкесі Facebook-те (орфография мен пунктуация сақталған). 

Осы оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді. 

"Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Бұл мәселе Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды", - деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, баланың жағдайы жақсы екені айтылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro