ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
17 ноября 2020 | 10:20

Енді Egov-қа смартфонға келбетіңізді көрсетіп тіркелу мүмкіндігі жасалап жатыр - Мусин

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Енді Egov пайдаланушысы болу үшін смартфонды алдыңызға қойып, өз келбетіңізді көрсету жеткілікті. Қазір мұндай механизм сыналып жатыр. Ай соңына дейін іске асыру жоспарланған. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Енді Egov пайдаланушысы болу үшін смартфонды алдыңызға қойып, өз келбетіңізді көрсету жеткілікті. Қазір мұндай механизм сыналып жатыр. Ай соңына дейін іске асыру жоспарланған. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрін беруді алып тастау жоспарланған. Азамат қажет ететін мәліметтерді телефоны арқылы тікелей, анықтама сұратпай-ақ бөлісе алады. QR-кодты көрсетіп, әлде мессенджерлер арқылы ұсынатын болады. Онлайн қызметтер әрқашан қолжетімді болуы тиіс. Бүгінгі таңда Egov-та қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін 500-де аса ақпараттық жүйе мен 1500-ден аса интеграция жұмыс істейді. Яғни Egov - ол беткі жағы, бірыңғай терезе сияқты. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеу қабілетін 99,99 пайызға дейін көтеру қажет. Бұл - өте маңызды мәселе", - деді Мусин Үкімет отырысында.

Министр әскери билет пен жылжымайтын мүлікті ипотекалық кепілдікке қою процесінің жеңілдетілгенін атап өтті.

"Қызмет көрсету процестері қоғам өкілдерімен бірге талқылануда. Мысалы, олармен бірге тұрғылықты жерді ауыстырған кезде әскери есеп жөнінде әскери коммиссариатқа бару қажеттілігін алып тастау шешілді. Бұрын бұл талапты бұзған кезде айыппұл да рәсімделген. Келесі жылжымайтын мүлікті рәсімдеген кезде кепілді тіркеу қажет. Бүгінде адамдар банктен құжаттарды алады, сосын ХҚКО-ға жеткізеді. Үш күн өткен соң құжаттарды қайта банкке апарған соң ғана ипотека беріледі. Осы бюрократияны шешу үшін мысал ретінде блокчейн технологиясын қолданып, ForteBank-пен бірлесіп, осы қиын процесті автоматтандырдық", - деді ол.

Министрдің айтуынша, қазақстандықтар Egov-қа тіркелу үшін ЭЦҚ орнатуда қиналады. Сол үшін министрлік адам келбетін сканерлеп, электронды үкіметке тіркелу тетігін әзірлеп жатыр.

"Қоғамның шағымдарын талдадық. Қарапайым халық үшін Egov-қа көшудің басты қиындығы - ол электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) орнату, мобильдік базада тіркелу. Осы тетіктерді шешу мақсатында порталда биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асырылуда. Енді Egov пайдаланушысы болу үшін смартфонды алдыңызға қойып, өз келбетіңізді көрсету жеткілікті. Қазір осы механизм тестілеуде. Осы айдың соңына дейін іске қосамыз", - деді ол. 

Сондай-ақ Бағдат Мусин болашақта ХҚКО қызметкерлері құжаттарды үйге жеткізіп беруі мүмкін екенін айтты. Тіпті енді ХҚКО-да ұзақ отырмау үшін жеке операторды офиске шақыруға да болады.

"1414 Call-орталығы үлкен жүктеме кезінде халықтың наразылығын туғызды. Біз сапалы кеңес беру үшін ХҚКО-ның 2000 операторын осы жұмысқа қостық. Және байланысты күту уақытын қысқарту үшін жасанды интеллектің элементтері арқылы жиі кездесетін сұрақтарға жауап беру алгоритмдерін енгіземіз.  Халыққа жағымды басқа да жаңа ұсыныстарды енгізудеміз. Мысалы, жаңа құжаттарды ХҚКО қызметкерлері жеткізеді. Тағы да мысал банктердегі жеке менеджерлерге ұқсас, ХҚКО-да да жеке операторларды офиске шақыртып, қызмет алуға болатын механизмдерді іске қосамыз", - деді ол.

Үкімет отырысында өңірлерді мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру туралы есепті тыңдаған премьер-министр Асқар Мамин бірқатар тапсырма берді.

"Барлық жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының қанағаттану деңгейін кемінде 80 пайызға жеткізуі тиіс. Ал тұрғын үй-коммуналдық қызметтері саласында астаналық І-qala жобасы үлгісімен тиімді шешімдер енгізу қажет. (...) 

Жалпы 2021 жылы қағаз анықтамалардың қажеттілігін толығымен жоюымыз керек. "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының қызметтерін, барлық онлайн сервис пен қызметтің 100 пайыз қолжетімді болуын қамтамасыз етуіміз қажет. Осы жылдың соңына дейін әлеуметтік және еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 90 пайызға жеткізіледі", - деді Үкімет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer