ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
16 октября 2020 | 10:57

"Енді көшірме жасаудың керегі жоқ". Мусин қандай құжаттар электрон форматта болатынын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: profit.kz Фото: profit.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин алдағы уақытта қандай құжаттар электрон форматта болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин алдағы уақытта қандай құжаттар электрон форматта болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, министрлік биометрия сервисін іске қосып жатыр екен.

"Қазіргі таңда біз биометрия сервисін іске қосып жатырмыз. Ол бізге қосымша құжат ұсынбауға мүмкіндік береді. Жылдың аяғына дейін тізімнен 30 анықтаманы алып тастаймыз. Мысалы, мекенжай анықтамасы", - деді ол Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Сондай-ақ, Бағдат Мусин қандай құжаттар электрон форматта болатынын айтты.

"Цифрлық құжаттарға тоқталайын. Жеке басты куәландыратын құжат "Электронды үкіметте" бар. Яғни адам өзімен бірге смартфонын алып жүріп, жеке куәлігін көрсете алады. Мұндай механизмді біз жүзеге асырдық. Сонымен қатар, біз техпаспорт, жүргізуші куәлігі бойынша ішкі істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Олар да смартфонда болады. Сондай-ақ, диплом бойынша жұмыс жүргіземіз. Енді оның көшірмесін ұсынудың керегі жоқ. Оны электрон түрде көрсетуге болады", - деді министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети