ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
21 октября 2020 | 17:35

Енді медицина қызметкері COVID-19 жұқтырса өтемақы алмайды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов енді Қазақстанда медицина қызметкері ауруханада COVID-19 жұқтырса, өтемақы төленбейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов енді Қазақстанда медицина қызметкері ауруханада COVID-19 жұқтырса, өтемақы төленбейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл өтемақыны алып тастау (медицина қызметкері ауруханада коронавирус жұқтырған жағдай - ескерту) туралы шешім осы жылдың 21 қазанда қабылданды. Алайда ауруды жұқтыру қаупі бойынша медицина қызметкерлеріне үстемеақы беріледі", - деді бірінші вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда журналист Шорановқа "Медицина қызметкеріне үстемеақы ауруды жұқтыру қаупі бойынша беріледі. Алайда дәрігер ауруды ауруханада жұқтырса, оған өтемақы төленбейді ғой?" деп нақтылаушы сұрақ қойды.

"Сіз бізді дұрыс түсіндіңіз. Енді медицина қызметкерлерінің ауру жұқтыру дерегі аурухананың ішінде таралған инфекция болып саналады. Яғни басқа инфекциялар сияқты", - деді ол.

Сонымен қатар, бірінші вице-министр егер медицина қызметкері жұмыста коронавирус жұқтырса, тиісті көмек медицина ұйымдары (кәсіподақ) және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілетінін атап өтті. Оның пікірінше, бұл медициналық ұйымдардың басшыларына өз қызметкелерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге қосымша мотивация береді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр - ДСМ

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети