ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 февраля 2020 | 16:50

Ғарыштан көрінетін Абылай хан монументіне ақша қайдан бөлінетіні белгілі болды

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Арман Шораев Абылай хан монументінің эскизіне халықаралық конкурс жарияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Арман Шораев Абылай хан монументінің эскизіне халықаралық конкурс жарияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, конурс 1 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтеді. Оған сәулетші, дизайнер, суретші, инженер, құрылысшы мамандар қатыса алады.

"15 сәуірде халықаралық конкурстың бірінші қорытындысын жариялаймыз. Комиссия 5 жобаны іріктеп алады. Авторларға тиісті қаржыны бөліп, макет жасатамыз. Ал 7 мамырда астанадағы әскери музейде конкурстың қорытындысын шығарамыз", - деді Арман Шораев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


© Дәурен Ерболат

Оның айтуынша, комиссия мүшелігіне Мәулен Әшімбаев, Абылай ханның тікелей ұрпағы Шота Уәлиханов, Мұрат Әуезов, Тұрсын Жұртбай, Нұртөре Жүсіп, Дархан Мыңбай, Берік Әбдіғали, Досхан Жолжақсынов, Төлеген Қажыбаев, Мұрат Мансұров, Зиябек Кабулдинов кірген.

Сондай-ақ, ол Абылай хан монументін тұрғызу үшін қанша қаражат керегін айтты. Жобаға мемлекеттен қаржы бөлінбейді.

"Менің ойымша, жобаға 5-7 миллион доллар керек. Қаржыны краудфандинг арқылы жинауды көздеп отырмыз", - деді Арман Шораев.

Осы орайда ол монумент Ақмола облысында орналасатынын жеткізді.

"Жарты жыл осы монументтің орнын іздедік. Ұлытау, Семей, Алматы өңірлері ұсынылды. Алайда Абылай хан ордасын тіккен жер Бурабай мен Көкшетаудың ортасындағы Кенесары ауылын таңдап алдық. Онда биіктігі 90 метр болатын жота бар. Монумент осында болады. Ғимарат ғарыштан көрінеді деп ойлаймын", - деді қоғам белсендісі.

Сонымен қатар, Арман Шораев Абылай хан монументі жолдың бойында орналасатынын атап өтті.

"Мемлекеттен 100 гектар жер мен жол салып беруді сұрап отырмыз. Себебі, онда монумент қана емес, этноауыл, қонақүй болуы мүмкін", - деді ол.

Баспасөз мәслихатында Шораев Абылай хан монументінің алғашқы жобасын көрсетті. Онда Абылай ханның тақта отырған келбеті бейнеленген. Жоба бойынша ханның асатаяғына жедел саты орнатылады. Осылайша, кешенге келушілер 20 қабат биікке көтеріліп, айналаны тамашалай алады. Монументтің биіктігі - 54 метр болмақ. Алайда қоғам белсендісі бұл жобаның әлі нақты емес екенін, оның қорытындысы конкурстан кейін белгілі болатынын жеткізді.

Айта кетейік, Абылай хан - 1771-1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.

Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer