ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 июня 2019 | 16:37

Интернетте қанша ақша табуға болады - Қазақстанда сұранысқа ие 5 мамандық

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Қазіргі уақытта интернет арқылы жұмыс істеу қалыпты үрдіске айналды. Елімізде интернет арқылы жұмыс істейтін қызметкерлерге компания тарапынан жұмыс орындары да жеткілікті. Tengrinews.kz тілшісі HeadHunter сарапшыларынан интернет арқылы істейтін жұмысқа сұраныс көп салалар туралы сұрап білді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі уақытта интернет арқылы жұмыс істеу қалыпты үрдіске айналды. Елімізде интернет арқылы жұмыс істейтін қызметкерлерге компания тарапынан жұмыс орындары да жеткілікті. Tengrinews.kz тілшісі HeadHunter сарапшыларынан интернет арқылы істейтін жұмысқа сұраныс көп салалар туралы сұрап білді.

Рекрутинг мамандарының сөзінше, қазіргі уақытта көп мамандық иелері интернет арқылы жұмыс істейді.

"Негізі қазіргі уақытта есепші де, заңгер де, сатушы да интернет арқылы жұмыс істейді. Әрине бұл мамандықтар оффлайн түрде жұмыс істеуді керек етеді. Бірақ қазіргі уақытта олардың кейбірі жұмыстарын толықтай интернет арқылы істейді, ал кейбірі жұмыстарының жарты бөлігін интернет арқылы іске асырады. Жұмыс берушілер қазіргі уақытта есепші, заңгер, сатушы сияқты мамандарға интернет арқылы жұмыс істеуді ұсынады. Бірақ бұл мамандықтардың ішінде сұранысы ең көбі - сатушылар. Сатушы әмбебап мамандық, олар түрлі салада жұмыс істей алады", - дейді рекрутинг сарапшылары.


© e-xecutive.ru 

Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта интернет арқылы жұмыс істейтін сұранысқа ие бес мамандық бар. Олардың орташа жалақасы - 108 мың теңге. 

Сатушылар - интернет арқылы компанияның базасына қосылып, клиенттерге қоңырау шалып, компанияның көрсететін қызметтері мен өнімдерін жарнамалайтын маман. Сонымен қатар, жұмыс берушілер сатушыларға кеңседе отыруды міндеттемейді екен. Яғни олар кез келген жерде жұмыс істей алады. Жұмыс нәтижесі де интернеттегі бағдарламалар арқылы есептеледі. Сатушылар сақтандыру, рекрутинг компанияларында, курс оқытатын компанияларда сұранысқа ие. Олардың жалақысы - 113 мың теңгеден басталады. Рекрутинг мамандары бұл жалақылардың өзекті екенін және сома орташа есеппен саналмағанын айтады.

Бағдарламашылар - бұл сала мамандары да интернет арқылы жұмыс істейді. Жұмыс берушілердің кейбірі оларды жұмыс кеңсесінде отыруды міндеттемейді. Рекрутинг мамандары сөзінше, жұмыс берушілер бағдарламашылардың арасынан сайт жасайтын мамандарды, жалпы бағдарлама тілін меңгергендерді, сондай-ақ түрлі графикалық бағдарламаларда жұмыс істейтіндерді іздейді. Компаниялардың арасында көбінесе Web, Frontend, Backend - құрастырушылар сұранысқа ие. Жалпы бағдарламашылардың жалақысы - 241 теңгеден басталады. 

Тіл оқытушылар - тіл оқытушылар, әсіресе ағылшын тілі оқытушылары интернет арқылы жұмыс істейтін мамандықтар арасында алдағы орында келе жатыр. Рекрутинг мамандары олардың кез келген елде жүріп, басқа елдің компаниясында жұмыс істей алатынын айтты. Елімізде тіл оқытушыларын іздейтін шетелдік компания көп. Олар курстарын тек интернет арқылы жүргізеді. Курс видео арқылы өтеді. Тіл оқытушыларының жалақысы - 160 мың теңгеден басталады.  

SMM-менеджер - рекрутинг мамандары қазіргі уақытта ең көп сұранысқа ие қызметкерлердің бірі SMM-менеджерлер дейді. SMM-менеджерлер ең басты міндеттері компанияға тиесілі әлеуметтік желілердегі парақшаларды дамыту, осы арқылы компанияға клиенттер тарту. Оларды түрлі саламен айналысатын компаниялар жұмысқа қабылдайды. Қазіргі уақытта SMM-менеджерлерге жұмыс берушілер 200 мың теңгеден бастап жалақы ұсынып жатыр.

Копирайтерлер - бұл мамандық иелері де сұранысқа ие. Бұл мамандардың да жалақысы 200 мың теңгеге тең екен.


© evo.business

Мамандардың сөзінше, жоғарыда көрсетілген мамандықтарға жұмыс берушілер кеңсеге баруды міндеттемейді. Кейбір компаниялар бұл жұмыстарды үйден шықпай істеуге болатынын хабарландыруында көрсетеді.

"Жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша жұмыс берушілер түрлі талаптар қояды. Бірақ көбі ЖОО-ның дипломын және кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуын талап етеді. Интернет арқылы жұмыс істейтін қызметке тәжірибесі жоқ адамдар да тұра алады. Бұл біздің жасаған талдауымыздан анықталды", - дейді рекрутинг мамандары. 

Олардың айтуынша, қазіргі уақытта интернет арқылы жұмыс істейтіндер жыл сайын артып жатыр. Рекрутинг мамандар жүргізген сауалнамаларына сүйене отырып, интернет арқылы жұмыс істеуді қолдаушылардың көп екенін айтты. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer