ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
21 января 2019 | 17:19

Ипотека төлеуге ақша жоқ. Баспанадан айырылып қалмаудың жолдары

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазіргі уақытта көптеген қазақстандыққа баспана алудың жалғыз жолы ипотека болып отыр. Қарызды уақытылы әрі толық қайтарудың дұрыс екені бәрімізге де түсінікті. Алайда адам өмірінде алда-жалда бола қалатын келеңсіз жайттардан ешкім де сақтана алмайды. Ал осындай жағдайда баспанадан айырылып қалмаудың жолы қандай? Бұл сұрақты Tengrinews.kz тілшісі заңгер Эльмира Бекжановаға қойды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі уақытта көптеген қазақстандыққа баспана алудың жалғыз жолы ипотека болып отыр. Қарызды уақытылы әрі толық қайтарудың дұрыс екені бәрімізге де түсінікті. Алайда адам өмірінде алда-жалда бола қалатын келеңсіз жайттардан ешкім де сақтана алмайды. Ал осындай жағдайда баспанадан айырылып қалмаудың жолы қандай? Бұл сұрақты Tengrinews.kz тілшісі заңгер Эльмира Бекжановаға қойды. 

Заңгердің айтуынша, біріншіден банктің алдында міндетіңіз бола тұра қашпауыңыз керек, төлей алмайтын жағдайда болсаңыз, олармен ашық түрде сөйлесіп жағдайыңызды түсіндіруіңіз қажет. 

"Ескеретін жайт, кешіккен несиеңіздің уақыты банктердің өз ережесіне сай 30 немесе 60 тәуліктен асып кетпеуі керек. Төлеуге ақша болмаған күннің өзінде сіз банкке барып, өз басыңыздағы жағдайды егжей-тегжейлі түсіндіріп, ескертіп, олардың сізге қалай көмектесе алатынын білуіңіз керек", - дейді заңгер.

"Негізінде банктер несиені жеңілдету жағын қарастыра бермейді. Әрине оның өз себебі бар. Бірақ клиенттің сұрауы бойынша банк несиенің төлем уақытын созуы мүмкін. Ол үшін банктің алдында несие төлеушінің "тарихы" таза болуы керек. Оның шынымен ай сайынғы төлемақыны белгілі себептермен жасай алмаса және шартты түрде банк ережесіне сай 3 немесе 6 алты ай (төлемді создыру мерзімі) уақыт өткеннен кейін қарызды қайтаруды бастай алатынына банкті сендірген жағдайда, несие төлеушінің арызы мақұлдануы мүмкін", - дейді Бекжанова.

Заңгер банктің несие төлеушінің ай сайынғы төлем уақытын созу өтінішін мақұлдамайтын жағдайларды айтып берді. Олар: 

1. Клиенттің несиесі ұзақ уақыт төленбесе;

2. Борышкердің бірнеше банкте несиесі болған жағдайда;

Банктер мұндай жағдайда "егер де біз сот арқылы бірінші болып өз қарызымызды алуға әрекет жасасақ, сәйкесінше біз басқа банктерден бұрын өз қарызымызды қайтарып алуға мүмкіндік көбірек болады" деп пайымдайды.

3. Егер клиент ашушаң және өте жабық болса. Банк өкілдерінен қашып және жанжалдасқан жағдайда олармен келісу мүмкін болмайды. Тек өзара түсінісу арқылы екіжақты келісімге келуге болады. 

"Айыппұл мен өсім мөлшерін азайту туралы шешімді ҚР Азаматтық кодексінің 297-бабына сәйкес сот шығарады. Банктің осы шешімді өздігінше қабылдауға және Кредиттік комитетке ұсынуға құқығы бар. Тағы да осы бапқа сүйенсек, ол жақта егер клиенттің айыппұлы мен өсімі банктің көрген шығынынан көп болса, ондай жағдайда сот екі жақтың мүддесін ескере отырып, айыппұлды азайтуға құқылы", - деп түсідірді Эльмира Бекжанова.

Осылайша, заңгер қандай жағдайда банк ипотекалық несиеңіздің айлық төлемақысын шегеруі мүмкін екенін тізіп берді.

"Егер де сіз жұмыстан шығып қалған жағдайда, сәйкесінше құжаттама болуы керек; қаржы жағдайы төмен болғанда, оған да Халыққа қызмет көрсету орталығанан айлық төлемі соңғы уақытта түспегені жайлы растайтын құжат болуы керек; кішкентай балаларыңызбен, қарт ата-аналарыңызбен бірге бір мекенжайда тұрсаңыз, сәйкесінше құжаттама болса; ауырып және ол туралы сәйкесінше картаңызда белгіленсе және амбулаторлық картаның көшірмесі болса. Осы құжаттармен қатар айыппұл немесе өсімді алып тастау туралы өтінішті қарастыру үшін банкке немесе сотқа тапсыру керек", - деп түсіндірді маман.

"Ай сайынғы төлемақыны жасамаған болсаңыз, төлем мерзімін өткізгеніңіз үшін банк сізге хабарласып, ескертеді. Егер осыдан кейін банкке ақша түспесе, олардың арнайы мамандары осындай адамдарды тізімгі алып, нақты іс-әрекеттер жасай бастайды. Банк клиенттің төлем жасамағынын ескертеді, осыдан кейін шамамен 30 күннің ішінде төлем жасалмаса, банк соттың шешімінсіз қамтамасыз етілген кепілзатты, яғни пәтерді өздігінше өз иелігіне ала алады. Ескеретін бір жайт бар, егер де сіз төлем уақытында жасалмағаны туралы хабарламаны алған кезде ол халыққа қызмет көрсету орталығында тіркелуі тиіс, тек сол жағдайда банк кепілде тұрған меншігіңізді өздігінше пайдалана алады. Бұл жағдайда ең дұрыс шешім банкпен келісіп, жағдайдың қиындығына қарамай араздаспай, келісу", - дейді заңгер.


Суреттер pexels.com сайтынан

Хабарлама келген жағдайда және белгілі бір жағдайға байланысты төлемді жасай алмасаңыз, онда меншігіңізден айырылып қалмау үшін заңгер мынадай кеңес береді:

"Сіз банк тарапынан халыққа қызмет көрсету орталығында тіркелген хабарландыруды алғаннан кейін 25 күннің ішінде дәл осы орталыққа барып, банктің сіздің меншігіңізді соттың қаулысынсыз иелік етуінен бас тартатыныңыз туралы өтініш жазасыз. Бұл туралы ҚР "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы заңында"(24-бабында) айтылған. Осыдан кейін банк сіздің меншігіңізді тек сот шешімі арқылы өз иелігіне ала алады", - дейді заңгер.

Бекжанованың айтуынша, әртүрлі себептерге байланысты төлем жасай алмасаңыз және меншігіңізден айырлығыңыз келмесе, онда сотқа бір жылға дейін банктің кепілде тұрған меншігіңізді өздігінше пайдаланбауын сұрауыңызға болады. Бұл заң ҚР Азаматтық кодексінің 320-бабында көрсетілген.

Оған қоса, сіз талап-арызыңызда сотты бір жылдан кейін төлемді толықтай өтей алатыныңызды сендіруіңіз қажет және де өсім немесе айыппұлдың қосылмауын сұрауыңыз қажет. Тағы бір ескеретін жайт, борышкердің асырауында қамқорлыққа алынған кәмелет жасына толмаған балалар болса, мұндай кезде ҚР заңы бойынша тұрғын үйді алып қоюға рұқсат берілмейді. Банкке жүгінген кезде барлық мәселеңізді қағаз бетіне түсіріп, оны банктің кеңсесіне апарыңыз және өзіңізде көшірмесі қалуы керек екен.

Оқи отырыңыз:

"Қара тізімнен" шығып, несие тарихын жақсарту жолдары - Маман кеңестері

Кредит алғанда заңсыз қосылған пайыздарды қалай қайтаруға болады

Ұлттық банк "кредитті ұйымдастыру комиссиясын" қайтаруға қатысты пікір білдірді

"Туыстарыңды соттатамын!". Коллекторлар несиені төлету үшін не істеуге құқылы

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer