"Жағымсыз иіс шаршатты": Көкшетауда ондаған үйдің кәрізі ағып, жертөлесі суға толды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жағымсыз иіс шаршатты": Көкшетауда ондаған үйдің кәрізі ағып, жертөлесі суға толды Фото: Massaget.kz

Көкшетауда ондаған көп қабатты үйдің жертөлелері суға толып, кәріз құдықтары ернеуінен асып төгіліп жатыр. Алайда құзырлы "Көкшетау Су Арнасы" коммуналдық кәсіпорны түйінді түйткілді айлар өтсе де шеше алар емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда ондаған көп қабатты үйдің жертөлелері суға толып, кәріз құдықтары ернеуінен асып төгіліп жатыр. Алайда құзырлы "Көкшетау Су Арнасы" коммуналдық кәсіпорны түйінді түйткілді айлар өтсе де шеше алар емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жанайқайын жеткізген Абай көшесі 59 үйді тұрғыны жертөлесінен қолқаны қабатын жағымсыз иістен қажығанын, кәріз құдығының лықа толып тіпті сыртына шығып жатқанын жеткізді. Жағдайды анықтау барысында шаһарда ондаған көпқабатты тұрғын үйлердің де дәл осындай жағдайда екенін анықтадық. Назарбаев даңғылы 2г және 2в, Әуелбеков 178, 170, Сүлейменов 13 в, 8 және 6 үйлердің жертөлелері суға толып кеткен. Тұрғындар мәселе қалалық деңгейде шешілмесе облыс әкіміне тікелей кіру қажет деп есептейді.

"Әлі күнге ешкім келген жоқ. Өткен жолы көлік шлагбаум жауып тұр деп кетіп қалған. Бірақ бізде аулаға кіретін екінші жол да бар. Үйдің жертөлесі суға толып барады. Иісі қолқаны қабады. Бұл дегеніңіз сұмдық", - дейді Назарбаев көшесі 2 в үйінің тұрғындары.

Абай көшесі 59 үйдің жертөлесінде су жерден бір метрге дейін көтерілген. "Көкшетау Су Арнасы" жұмысшылары тұрғын үйге келген. Бірақ істі соңына дейін жөнге келтірмеген болып шықты.

"Біз бәріміз облыс әкіміне бармақпыз. Өйткені, "Су Арнасы" жұмыс істемейді. Біздің үй міне бір айдан бері іс жүзінде суда тұр. Жертөле суға толған. Бес күннен бері коллекторға байланысты кері клапаны жұлынып қалды. Бұл коллекторлы магистраль Абай көшесін бойлай өтеді. Ал оны құдықтардан тазарту керек. "Көкшетау Су Арнасы" бұл былықты ай сайын тазартуы тиіс болатын. Оның үстіне жаңадан үйлер салынып инженерлік желілердің қауқары да жетер емес. Мұндай жағдай Абай көшесі 59 ғана емес басқа үйлерде де бар", - дейді Абай көшесі 59 үйдің тұрғындары.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ал "Көкшетау Су Арнасы" коммуналдық кәсіпорны кәріз құдықтарының толып қалғаны жөнінде ондаған өтінім түсетіндіктен іс жүзінде үлгермейтінін ашық мойындады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 502.51  course down  595  course up  6.44  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 9
Астана 0
Актау 4
Актобе -13
Атырау -3
Б
Балхаш -1
Ж
Жезказган 2
К
Караганда -3
Кокшетау -12
Костанай 2
Кызылорда 0
П
Павлодар -1
Петропавловск -3
С
Семей 0
Т
Талдыкорган 9
Тараз 9
Туркестан -5
У
Уральск 0
Усть-Каменогорск 10
Ш
Шымкент -2

 

Редакция Реклама
Социальные сети