ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
29 мая 2019 | 20:18

Жақынына алып берген несиесін төлей алмай жүргендер көп - Заңгер

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

"Досыңа қарыз берме, берсең ақшаңнан да, досыңнан да айырыласың" деген сөз бар. Тағы бірде "арада ақша жүрмей-ақ қойсын" деген де өзара жазылмаған келісімдер болады. Расында, ақша үшін қаншама адам қарым-қатынасын бұзып жатады. Заңгерлер мұндай жағдайлардың қоғамда көп екенін, тіпті сотқа жетіп тынатынын айтады. Tengrinews.kz тілшісі мұндай қаржы дау-дамайларының қазіргі таңда қалай шешіліп жүргенін және берешегін қайтарғысы келмеген адамнан қалайша заң бойынша ақшаны өндіріп алуға болатынын заңгерден сұрап білді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Досыңа қарыз берме, берсең ақшаңнан да, досыңнан да айырыласың" деген сөз бар. Тағы бірде "арада ақша жүрмей-ақ қойсын" деген де өзара жазылмаған келісімдер болады. Расында, ақша үшін қаншама адам қарым-қатынасын бұзып жатады. Заңгерлер мұндай жағдайлардың қоғамда көп екенін, тіпті сотқа жетіп тынатынын айтады. Tengrinews.kz тілшісі мұндай қаржы дау-дамайларының қазіргі таңда қалай шешіліп жүргенін және берешегін қайтарғысы келмеген адамнан қалайша заң бойынша ақшаны өндіріп алуға болатынын заңгерден сұрап білді.

Аты-жөнін атағысы келмеген алматылық тұрғын студенттік шақтан бері таныс досы әйелі босанатын айтып, көмек сұрағаннан кейін банктен 200 мың теңге алып берген. Жақын досы болғандықтан еш күмәні болмай, қолхат жаздырып алуды да ойламаған. Алайда досы ұшты-күйлі жоғалған. Бұл 2 жыл бұрын болған оқиға екен. Содан бері кейіпкеріміз ай сайын 23 мың төлеп, ақыры сомасы екі еселенген несиені өзі жабуға мәжүр болған.

Дияра Закирова,

"ЮР-DIPLOMAT" Заң қызметтері агенттігі"

компаниясының заңгері 

     

Заңгер Дияра Закирова жақын туысына несие алып беретін, кейін өзара түсініспеушілік туындайтын жағдайлар көп дейді. Мұндай жағдай көп болғанымен сот әдетте талапкердің мұндай арызын қанағаттандырмайды екен.

Заңгердің айтуынша, мәселен інісі өз атындағы қарызын қандай да бір себеппен ағасының атына жаздырғысы келсе, әдетте мұндай шағым-талапты сот қанағаттандыра бермейді. 

"Себебі адам банктен кредит алар кезде өзінің жеке ой-ниеті бар екенін көрсетеді. Яғни қарыз туралы келісімшартқа өз еркімен қол қояды. Сондықтан сот мұндай клиенттердің талап-арызын қанағаттандырмай жатады. Өйткені сауатты адам ешқашан өзгенің қарызы үшін жауапкершілікті өз мойнына алмайды", - дейді ол.

Заңгер сотқа дәлел ұсынуда да айғақтың заңды болуы керектігіне тоқталды.

"Ең маңыздысы шағымданушы өзге адам үшін несие алып бергенін дәлелдеуі қажет. Алайда бүгінде мессенджер арқылы сөйлескен сөзінің скриншоты арқылы да, телефон арқылы жазылған аудиожазбаны да дәлел ретінде қарастыру күрделі іс. Себебі қазіргі уақытта мессенджердегі скриншоттарды түрлі қосымшалар арқылы қолдан жасап алуға болады. Ал екінші жағдайда аудиожазба дәлел ретінде сотта қабылдануы үшін заң бойынша қарызды алып, қайтаратынын айтқан жауапкерге бұл әңгіменің аудиотаспаға түсірілетіні ескертілуі тиіс, яғни телефон арқылы сөйлескен әңгіменің аудиожазбасында жауапкердің өз даусы жазылып жатқанынан хабардар болғаны дәлелденуі тиіс", - деп түсіндірді заңгер. 

Закированың айтуынша, мұндай жағдайлар адамдардың сенгіштігінен болады. 

Ал мұның алдында алматылық заңгер Ербол Ерболатұлы адамдардың қарыз беретін кезде көп мәселені есткермейтінін және оның салдары қандай болатынын айтып берген еді.

 "Құжатсыз қарыз рәсімдеу тәжірибесі біздің елде көп тараған. Онысы аздай кейбіреулер таныстарының сұрауы бойынша қарыз беру үшін несиеге де жүгінеді. Сөйтіп олар несиенің шарттарын өз мойнына алып, кейін өкініп қалатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай оқиғалар көбіне сенім мен үміттің кесірінен. Есесіне бұл мәселенің құқық жағы ескерусіз қалады. Қарыз сұраған адам бір жағдайлармен несиені төлей алмаса немесе төлемей қойса, онда бұл жауапкершілік құжат бойынша несиені рәсімдеген адамның мойнына ілінеді", - деген заңгер мұндай шырғалаңға түспеу үшін жақын туысың болса да қолхат алуға кеңес береді. 

Қарыз беру туралы қолхаттың үлгісі

1. Құжаттың аты: Қолхат, Қарыз шарты
2. Қолхат қай қалада рәсімделгені 
3. Қолхаттың рәсімделген уақыты
4. Қарыз беруші мен қарыз алушының (Аты-жөні, туған күн тураы мәлімет, ЖСН, жеке куәліктің нөмірі, тіркелген жері)
5. Қарызға берілген ақшаны жазбаша жазу керек, бұл ертеңгі күні сома өзгермеуі үшін жасалады
6. Ақшаның қай уақытта берілгені жайлы ақпарат жазылуы тиіс. Дәл сол уақытта немесе кейін берілгені жайлы
7. Қарыздың өтелу уақыты
8. Қарыз қай жерде қайтарылады. Қала, аудан, толық мекенжайы
9. Сондай-ақ қарыз беруші ол ақшаның қайда жұмсалатыны туралы ақпаратты толықтай білуге құқығы бар.

Оқи отырыңыз: 

Қолхатсыз берген қарызды қалай қайтаруға болады

"Үш адам тартуың керек". Маман қаржы алаяқтарының басты белгілері жайлы

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer