ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
26 сентября 2023 | 16:13

"Жанжал шығарады". Астанадағы жағалауда сауда жасағандар жазаланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: журналист Айгерім Хамит Фото: журналист Айгерім Хамит

Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауында сауда жасап, құрт сатқандар жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауында сауда жасап, құрт сатқандар жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласының Нұра ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады. Есіл өзенінің жағалауында сауда жасап, құрт сатқандар жайлы журналист Айгерім Хамит айтқан болатын.

"Кеше түнде түсірдім. Астана қаласында Есіл өзенінің жағалауында көше саудагерлері 1 тал құртты 650 теңгеден сатып жатыр. Дәмін көргенге дейін бағасын айтпай, мақтай береді. Құрттың дәмін көрсеңіз ақшасын төле деп жанжал шығарады", - деген еді ол.


Видео: Айгерім Хамит

Астана қаласының Нұра ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, Есіл өзенінің жағалауында сауда жасағандар жазаланған.

"Атырау" және "Серуен" көпірлерінің аумағы кәсіпкерлік жүргізуге арналмаған және қаланың көрнекті орындарының бірі, тұрғындардың демалуына арналған аймақ болып табылады. Алайда, қозғалысы қарқынды және туристер ағыны көп болғандықтан, заңсыз сауда проблемасы туындайды. Бұл мәселе мегаполистардағы көрікті жерлерде кездесетін жәйт.

Мәселе бақылауда. Аудан әкімдігі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бұл орындарды үнемі қадағалап отырады. Аталған рейдтер барысында 10 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, бірқатар заңсыз саудагерлер ескерту алды", - дейді аудан әкімдігі өкілдері Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.

Фото: әкімдік өкілдерінен

Алайда үздіксіз бақылауға қарамастан, саудагерлер рейд кезінде орнынан қашып, рейдтан соң қайта келіп алады екен.

"Мониторинг сондай-ақ осы рейдтер кезінде қала тұрғындарының саудагерлерді қорғауға шығатындығымен қиындайды, алайда, өнімді сату кезінде "кәсіпкерлердің" ешқандай санитарлық нормаларды сақтамайтынын, тауарларды сақтау бойынша еш жауапкершілік көтермейтінін және заңнан тыс жұмыс істеп жүргенін түсінулері керек. Айта кетейік, бұл жаяу көпірлердің бойында орын алатын барлық сауда рұқсат етілмеген және заңсыз.

Егер заңсыз сауда фактілері анықталған жағдайда, тұрғындардан 102 нөміріне хабарласуын немесе әлеуметтік желі арқылы аудан әкімдігіне хат жазуын сұраймыз. Аудан әкімдігі ЖПҚ бірлесе тәртіп орнату мақсатында рейдтік шараларды жалғастырады", - дейді әкімдік өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer