ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 января 2022 | 21:38

Жаппай тәртіпсіздік: Бас прокуратура оқиға хронологиясын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алматыдағы тәртіпсіздік. Фото: Tengrinews.kz / Жасұлан Нұрқасымов Алматыдағы тәртіпсіздік. Фото: Tengrinews.kz / Жасұлан Нұрқасымов

Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің хронологиясын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің хронологиясын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, 1 қаңтарда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында сағат 17.20-да қала әкімдігінің жанында қала тұрғындары жиналған. 

"Сұйылтылған газ бағасын төмендету талабымен ел басшылығының атына бейнеөтініш жазып алып, сол күні сағат 18:00-де тарап кетті. 2 қаңтарда наразылық білдірушілер саны жүздеген адамға дейін артты, ал акцияға қатысушылар ішкі жолдарды жауып тастады. Бұл ретте құқық қорғау органдары күштер мен құралдарды қолданбаған.", - деді Шалабаев ОКҚ брифингінде. 

3 қаңтарда наразылық акциялары басқа қалалар мен аймақтарда басталды. Осы күні Маңғыстау облысының тұрғындарын қолдау мақсатында еліміздің басқа жеті өңірінде (Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстары, БҚО, Нұр-Сұлтан, Алматы және ШҚО) "бейбіт" митингілер басталды.

4 қаңтарда митингілер жалғасып, өңірлер саны 11-ге жетті, адамдар рұқсатсыз жаппай жинала бастады.

Қатысушылар саны 37 мың адамға (Алматы қаласы, Нұр-сұлтан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары) дейін артты. Алматы мен Шымкентте қарулы шабуылдар мен бүліктер басталды.

Айта кетейік, сол күннен бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерге және әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру үшін өлімге әкелмейтін арнайы құралдарды қолдана бастады.

5 қаңтарда тәртіпсіздіктер елдің 11 өңірінде жалғасты. Қатысушылар саны 50 мыңға жетті, қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні террористер Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын және "Алматы" халықаралық әуежайын басып алды.

Қызылордада шабуылдаушылар 9 автокөлікті өртеп жіберді, Талдықорғанда облыс әкімдігі, полиция және ҰҚКД ғимараттарын басып алды.

Сондай-ақ, БП өкілі террористердің іс-қимылын үйлестіруді және байланыс құралдарын пайдалануын болдырмау мақсатында Интернетке кіру шектелгенін атап өтті.

6 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен елімізде антитеррористік операция өткізу жарияланды. Осы күннен бастап террористерді жою үшін қару қолданыла бастаған. ҰҚШҰ шешімімен бітімгершілік операция жүргізу үшін Қазақстанға ҰҚШҰ құрамының әскері жіберілді. Сол күні қылмыскерлер басып алған нысандар антитеррористік күшінің бақылауына алынды.

6 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен елде антитеррористік операция өткізілетіні жарияланды Осы күннен бастап құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштер террористерді жою үшін қару қолдана бастады.

7 қаңтарда бейбіт наразылық шаралары бірнеше өңірде (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында) жалғасты.

8 қаңтарда жағдай біртіндеп тұрақтана бастады, азаматтардың рұқсатсыз жиналуы тоқтатылды.

"Бүгінде барлық оқиға бір тізбек буыны екенін және террористердің әрекеті бір орталықтан басқарылған деп айтға болады", - деді Серік Шалабаев ОКҚ брифингінде.  

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer