ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
09 июля 2020 | 13:03

"Жауапқа тартуға болады". Вице-министр жалған ақпарат таратқан әншілерге қатысты пікір білдірді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tochkanews.ru Фото: tochkanews.ru

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып жүрген әншілердің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып жүрген әншілердің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр елде болып жатқан эпидемиологиялық ахуал халықты алаңдатып отырғанын атап өтті.

"Кейбір адамдар әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы өз ойларын айтып жатыр. Бүгін біз министрлік жанынан жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауға, адамдардың денсаулығына өміріне, денсаулығына зиян келтірмеуге шақырамыз.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният әншілер мемлекеттік органдарға көмектесе алатынын атап өтті.

"Егер мүмкіндік болса, олар (әншілер - автор) желідегі парақшасы арқылы үйде отырған адамдарға министрліктердің, дәрігерлердің нұсқаулары мен жақсы кеңестері бар. Осы ақпаратты таратса, жақсы болар еді. Ол коронавируспен күресте бірге екенімізді білдірер еді", - деді ол.

Вице-министр жалған ақпарат таратқандар заң алында жауап беретінін ескертті.

"Халықты дүрліктіргендері және анық, тексерілмеген ақпаратты таратқаны үшін заң бойынша айыппұл салынатынын барлығы біледі деп ойлаймын. Бұл үшін жауапкершілікке тартуға болады", - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі елде тапшы дәрілер Ресей мен Үндістаннан жеткізілетінін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети