ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 октября 2023 | 06:50

Жайық өзені тартылып қалуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Трансшекаралық өзеннің орташа су көлемі үш есеге дейін азайған. Жайықтың тартылуы қазір бір Атыраудың емес, Қазақстан мен Ресей деңгейінде шешілуі тиіс күрделі мәселеге айналып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Трансшекаралық өзеннің орташа су көлемі үш есеге дейін азайған. Жайықтың тартылуы қазір бір Атыраудың емес, Қазақстан мен Ресей деңгейінде шешілуі тиіс күрделі мәселеге айналып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жайық өзені су ресурстарының 80 пайызға жуығы Ресей аумағында қалыптасатындықтан, өзеннің төменгі ағысында орналасқан Атырау облысы көршілес мемлекет тарапынан келетін су көлеміне тәуелді болып отыр.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта көктемгі су тасқыны кезеңіндегі Жайықтың қалыпты деңгейі үш есеге дейін азайып, 140 см-ге жетіп отыр.

Қазіргі уақытта Атырау облысында түп тереңдету және жағалау бекіту жұмыстары жүріп жатқаны белгілі болды. Алайда, Жайық өзенінің соңғы үш жылда арналары тайыздалып экологиялық зардап шегу алдында тұр.

"Өзеннің орташа көпжылдық ағынының қалыпты көлемі 9,46-дан 2022 жылы орташа жылдық ағыны 4,93 текше шақырымға, яғни 2 есеге төмендеді. Осыған орай, бірінші кезекте өзеннің су ағынын ұлғайту қажет етіледі. Ол үшін, Жайық өзенінің жоғары жағында орналасқан су қоймаларынан төмен қарай су жіберу көлемін арттыру, оның ағысын үйлестіру мәселелеріне және өзеннің ғылыми-зерделеу жұмыстарын ұйымдастыруға Экология, табиғи ресурстар министрлігі мен Су ресурстары және ирригация министрлігі ерекше назар аударуды қажет", - дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Айта кету керек, трансшекаралық стратегиялық маңызы бар Жайық өзенінің ұзындығы 2 482 шақырымды құрайды. Өзен Ресейдің Башқұрт Республикасы, Челябі мен Орынбор облыстарынан өтіп, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары арқылы Каспий теңізіне құяды. Егер Жайық мәселесі жақын жылдары оң шешімін таппаса, өзеннің ұзындығы қысқарып, Каспий теңізіне жетпей қалуы әбден мүмкін.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer