ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
05 мая 2021 | 17:23

"Жазалаймыз" - Цой вакцинация паспортын сатқандар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналау паспортын сату мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналау паспортын сату мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Журналистер Алматыда вакцинация паспортын сату бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс туралы сұраған. БАҚ өкілдері "Әлеуметтік желіде жұрт паспортты 5-15 мың теңге арасында сатып алуға болатынын жазып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұған қатысты қандай шаралар қолданады?" деп сұраған.  

"Жалған паспорттарға келер болсақ, бұл тіркелген алғашқы оқиға болып отыр. Бұл ақпаратты алғаннан кейін мен Алматы әкімдігіне хабарластым. Таңертеңнен бастап бақылауға алдық, күш құрылымдарымен жұмыс барысын талқылап, күдіктіні ұстадық. Әлеуметтік желіні бақылап отырмыз. Мұндай жағдайлар туралы мәліметіңіз бар болса, біз ақпаратты қабылдауға дайынбыз. Біз барлық медицина қызметкеріне бұл қылмыстық жаза екенін ескерттік. Дәрігер болсын, маңындағы қызметкерлер болсын, бұл заң екенін түсінуі керек. Біз бәрін тауып, жазалаймыз. Мұны дәлелдеу оңай. Өйткені, әр доза ақпараттық жүйеде көрініп тұр. Егер мұндай жағдай болса, қылмыстық іс қозғалады. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", - деді Цой ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны бірнеше клиника атынан вакцинацияның электрон паспортын ұсынғаны хабарланған еді. Әр клиникаға байланысты паспорт бағасы 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети