Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 января 2019 13:23

Жазушылар одағы: "Қоғамның қозғаушы күші, алға жетелеушісі - жастар"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/akordapress © instagram.com/akordapress

Кеше, 23 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылын жариялады. Салтанатты іс-шара Астанадағы EXPO-2017 көрме орталығындағы "Нұр Әлем" павильонында өтті. Президент жастарға үндеу жасап, батасын берген болатын. Қазақстанның танымал адамдары, шоу-бизнес өкілдері, қоғам белсенділері осы бастамаға пікірлерін айтып, қолдау білдіріп жатыр. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық қаламгерлердің Жастар жылының ашылуына қатысты айтқан пікірлерін ұсынады.


Кеше, 23 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылын жариялады. Салтанатты іс-шара Астанадағы EXPO-2017 көрме орталығындағы "Нұр Әлем" павильонында өтті. Президент жастарға үндеу жасап, батасын берген болатын. Қазақстанның танымал адамдары, шоу-бизнес өкілдері, қоғам белсенділері осы бастамаға пікірлерін айтып, қолдау білдіріп жатыр. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық қаламгерлердің Жастар жылының ашылуына қатысты айтқан пікірлерін ұсынады.

Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, "Құрмет" орденінің иегері, жазушы Мереке Құлкенов Қазақстан егемендік алғалы алғашқы күннен бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың жастар мәселесін бір сәт ұмытпағанын айтады.

"Елбасымыз жаңа 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялап, еліміздің жасампаз түлектерімен арнайы кездесіп, мазмұнды сұхбат өткізуі біз үшін елеулі оқиға болды. Оған елімізде жаңадан салынған жаңа мектептер мен жоғары оқу орындарының әсем ғимараттары, спорт кешендері, жастар сарайлары куә, - дейді Құлкенов.

Жазушы қазір үш немесе одан да көп тілді білетін жастардың көбейгенін айтып өтті.

"Соның арқасында қазақ балалары әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуда. Қазақты бүкіл әлемге танытып, өзге ұлттарды қазақша сөйлетіп, ән салғызып жүрген Димаш Құдайберген, киноактриса Әсел Исламова, марқұм Денис Тен тағы басқа таланттарымыз - біздің тәуелсіз еліміздің түлектері. Сондықтан біз Мемлекетіміздің жастарға деген әкелік қамқорлығына дән ризамыз", - деп пікір білдірді Құлкенов.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушановтың айтуынша, елімізде шығармашылық жастар үшін барлық жағдай жасалған.

"...Біз өскен кешегі Кеңес Үкіметі кезеңінде шығарма жазу қандай қиын болса, жазған дүниеңді жарыққа шығару одан әлденеше есе қиын болғанын айтсақ бүгінгі жастарға ол ертегідей боп көрінуі сүмкін. (...) Егер жас ақын республикалық басылымда жылында бір не екі рет жарияланса малақайын аспанға атып қуанатын. Ал бүгінгідей топырлатып ай сайын бір топтамасын жарыққа шығару деген бақыт ешкімнің де пешенесіне жазылмады. Егемендік алғалы қазақша шығатын қаншама басылым пайда болды? Мұндай "молшылық" бұрын соңды болмады дейтініміз содан", - дейді Раушанов.

Ақын бүгінгі Қазақстандағыдай еркіндік еш жерде жоқ екенін айтады. 

"Көркем әдебиеттің таралауын әлеуметтің маңызы бар әдебиеттер ретінде мемлекет қаржысымен қамтамасыз етіп отырған жалғыз мемлекет Қазақстан ғана. Қазақтың жас қаламгері кітап шығару үшін кешегі замандағыдай жылдар бойы кезек күту дегеннің не екенін білмейді, көрші мемлекеттердегідей жазған кітабын жарыққа шығару үшін әр мекемені бір сағалап, бай бағландарға сұрамсақтанып, қаржы қаражат іздеп табанынан тозбайды, тіпті баспаны да қажет етпейді. Бүгін жазған дүниесі сиясы кеппей жатып ертең баспасөзде жарияланды, араға жыл салмай кітап боп шығады. Беріліп жатқан сыйлықтардың есеп-қисабы жоқ. (...) Жастар жылында басты өзгерістер мен бетбұрыстарды жастардың өздерінен күтеміз", - дейді ақын.

Ал ақын әрі аудармашы, "Құрмет" орденінің кавалері Любовь Шашкова Жастар жылына пікір білдіре отырып, Президенттің "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына тоқталды.

Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" туралы жолдауында елдің қарқынды дамуына әрбір қазақстандықтың атсалысуы керектігі айтылады. Олардың ішінде әсіресе қоғамның белсенді тобы - жастарға ерекше назар аударылады. Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында да шығармашылық жастарға нақты үндеу айтылады. Онда Қазақстан өркениеті тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен деректі фильмдерді, телевизиялық сериалдар мен толықметраж көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керектігін мақсат етеді", - дейді ақын.

Шашкованың айтуынша, Қазақстанда шығармашылық жастарға барлық жағдай жасалған.

"Мұнда бізге Елбасының "Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы" деген сөздері жол көрсетуі тиіс", - дейді Любовь Шашкова.

"Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Батырбек Мырзабеков та Елбасының Жастар жылын жариялауына қатысты ойын айтты.

Мырзабеков жастардың Отанның осы қамқорлығын терең сезініп, озық білімімен, адал еңбегімен лайықты жауап қайтарады деген сенімде екенін айтады.

"Жастар жылын жариялауды неге қолдап, бұл бастамаға қуанып отырмыз? Оның бірнеше себебі бар. Ең бастысы, бұл - болашақты ойлаудан туған іс. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші, алға жетелеушісі - жастар. Жастар дегенде тың идеялар, соны бастамалар ойға оралады. Еліміздің ендігі даму көкжиегін кеңейтетін де осы жастар. Демек, қазір қуаты тасыған, еңселі еліміз ең алдымен жастарды қолдап, оларға мемлекеттік деңгейде демеу көрсетуі - заңдылық", - дейді Жазушылар одағының мүшесі.

"Бұл ойымның қате еместігіне, жастардың Елбасы сенімін ақтайтынына бүгінгі өткен жиынды, ондағы жалынды жастарды көріп, тағы бір көз жеткіздім. Жастар жылы жарқын істер жылы болсын дегім келеді", - деп сенім білдірді Мырзабеков.

Мемлекеттік "Дарын" Жастар сыйлығының иегері Динара Мәліктің айтуынша, биылғы Жастар жылы танылмай жүрген таланттың қанатына су бүркіп, самғауына, ел мен елдің достығын жалғауына сеп болары сөзсіз.

"Биылғы Мемлекет басшысы жариялаған Жастар жылы - болашаққа басталған баспалдақтың бағыты. Еліміздің ең қуатты да белсенді тобын құрайтын жастардың мақсаты айқын, танымы терең болуы әу, бастан білім мен еңбектің ізденуінен басталмақ. (...) Бүгінде елімізде жастардың жан-жақты ізденімпаздығы, өнер-ғылымның сан-түрлі қырларына тереңдей баруы көңіл қуантады. "Рухани жаңғыру" аясында жүргізілген "Жаңа 100 есім" бастамасында танылған, халық таңдаған түрлі сала иегерлерінің ішінде 70 пайызына жуығы жастар. Біз білмейтін, теледидардан да көрмейтін әр түрлі талант иелерінің жеткен жетістіктеріне көз жүгірттім. Техниканың тілін меңгерген, әлем әдебиеттерін қазақша сөйлеткен аудармашылар, өз мамандығының мәнін ұғып, сол салаға сүбелі үлес қосып жүрген қыз-жігіттер міне, солардың бәрі осы біздің Отанымызда өмір сүріп жүрген бауырларымыз", - дейді Динара Мәлік.

Ақын, аудармашы ,"Құрмет" орденінің кавалері Татьяна Фроловская Қазақстанды мақтан тұтанын айтады. Айтуынша, қазақстандықтардың дәстүрге, дінге, әр ұлт өкілінің мәдениетіне деген қарым-қатынасы құрмет тұтарлық.

"Қандай қиындықтар болсын, Президенттің жігерлендіретін екі қасиеті бар: жасампаздыққа шақыру және даму үшін барлық жағдай жасауы. Біздің Президентімізде негіз бола алатын идеялар көп. Ол идеялардың бірі 1996 жылы жүзеге асырылған еді. Ол кезде Еуразия университеті ашылған болатын. Осы жоғарғы оқу орнының алғашқы студенттері қазір шамамен 40 жасқа келіп қалды. Оларды шартты түрде жастар деп атауға болады. Бірақ расында олар ақыл тоқтатқан, білім бар адамдар. Олар бүгінде көп мемлекет жүзеге асыратын Еуразиялық идеяға берік адамдар", - дейді ақын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети