Желіде ішкі істер органдарының киімін киген ер адамның видеосы тарады. Онда ол "болашағын көрмеген соң" қызметінен кететінін айтады. БҚО Полиция департаменті бұл видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде ішкі істер органдарының киімін киген ер адамның видеосы тарады. Онда ол "болашағын көрмеген соң" қызметінен кететінін айтады. БҚО Полиция департаменті бұл видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Роликте өзін Рауан Максотов деп таныстырған ер адам баю үшін ішкі істер органынан кететінін айтады.
"Ішкі істер саласында жұмыс істеп, өз болашағымды көрмеймін. Қазірден бастап байып, жұмыс істегім келеді. Ішкі істер органдарын тастаймын", - дейді видеодағы ер адам.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, видео авторы расымен де ішкі істер органдарында жұмыс істеген.
"Иә, шын мәнінде, полиция лейтенанты Рауан Максотов Орал қаласы Зачаганск полиция бөлімінің тергеуші лауазымында қызмет атқарды. Ол биыл наурызда мамандандырылған күзет қызметінен аталған бөлімнің тергеушісі лауазымына ауысып келген болатын. Алайда тергеушінің міндеттерін тиісті деңгейде орындай алмағандықтан, 11 мамырдан бастап ішкі істер органдарынан қызметтен өз еркімен кету туралы баянат жазған. Қазіргі уақытта осы қызметкердің ұсынған баянаты белгіленген тәртіппен қаралып жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Кейін Рауан Максотовтың тағы бір видеосы жарияланды. Онда ер адам полициядан неге кеткенін түсіндірді.
"Мен бүгін видеоролик түсірген едім. Ол тез таралып кетеді деп ойлаған жоқпын. (...) Мен полиция органдарының қызметкерлерін жамандау мақсатында түсірмедім. Бұл жұмыстың қиындығын түсініп, тергеу жұмысын алып жүре алмайтын болған соң, өз еркіммен баянат жазып, шығып кеттім", - деді Рауан Максотов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!