ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
02 сентября 2019 | 14:04

"Жер сатылмайды, митингіге рұқсат, зорлық жазасы күшейеді". Тоқаев Жолдауында не айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында халыққа Жолдау жариялады. Жолдау барысында Президент ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін айтты. Тengrinews.kz тілшісі Тоқаевтың Жолдауына шолу жасап шықты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында халыққа Жолдау жариялады. Жолдау барысында Президент ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін айтты. Тengrinews.kz тілшісі Тоқаевтың Жолдауына шолу жасап шықты. 

"Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр", - деді Президент Жолдауының басында. 

Бейбіт шеру ұйымдастыруға рұқсат

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлер санын азайтатынын айтты. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер 25 пайызға қысқарады. 

Сондай-ақ ол шенеуніктердің "кереңдігін" сынға алды. 

"Шенеуніктердің жергілікті жерлерде "керең" және жабық болғандықтан халық көбіне Президентке жүгінуге мәжбүр. Сондықтан Мемлекет басшысының Әкімшілігі мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қарау деңгейінің сапасын бақылайтын арнайы бөлім ашты", - деді Тоқаев.

Президент өз Жолдауында қазақ халқы мен қазақ тілінің мәртебесі туралы сөз қозғады. 

"Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Бірақ мұндай статусқа қол жеткізуге үшін қажет емес әңгімелерсіз бірге жұмыс істеуіміз керек. Сондай-ақ тіл үлкен саяси құрал екенін ұмытпауымыз қажет", - деді ол.

Зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейеді

Сонымен қатар, Президент өз Жолдауында бейбіт шерулер ұйымдастыруға рұқсат беруді тапсырды. 

"Егер бейбіт шерулер заң бұзу мен халықтың мазасын алу мақсатында болмаса, шет жақтан емес, арнайы орын ұсынып, митинг өткізуге рұқсат беру керек. Конституцияға сай емес әрекеттер, бұзақылық акциялар заң аясында тоқтатылады", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлермен күресуге де баса назар аударды. Ол браконьерлікті ұйымдастырылған қылмыстың қауіпті формасы деп атап, үкіметке браконьерлер жазасын қатаңдатуды тапсырды. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырды. 

"Біз сот төрелігінің шектен тыс және репрессивті шаралары мен қатал жазалау тәжірибесінен алшақтадық. Алайда елімізде көптеген ауыр қылмыс әрекеттері бар. Біз заңнаманы ізгілендірумен айналысып, азаматтардың негізгі құқықтары туралы ұмытып барамыз. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту қажет. Бұл менің үкіметке беретін тапсырмам", - деді Президент жолдауында.

Бос жатқан жер телімдері тәркіленеді

Сондай-ақ Мемлекет басшысы микро және шағын бизнес компанияларын салық төлеуден босатқысы келеді. 

"Микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызметтен үш жыл мерзімге салық төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеуді тапсырамын. 2020 жылдың қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу туралы менің шешімім күшіне енеді. Біз тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуға тиіс біздің бизнесіміздің парасаттылығы мен заңға мойынсұнушылығына сенеміз", - деді Тоқаев.

Ал пайдаланылмаған жер телімдері тәркіленетін болды. 

"Мемлекеттен жалға алу негізінде жерді тегін алғандардың көбі оны бостан-босқа ұстап, жұмыс істемей отыр. Елімізде "латифундистер" қатары көбейіп келеді. Ауылшаруашылығы үшін берілген жерлерді тәркілеуге көшу керек", - деп тапсырды Тоқаев.

Жолдау барысында Президент жердің шетелдіктерге сатылмайтынын баса айтты. 

Сондай-ақ ол бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін кейінге қалдырды. 

"Үкіметке қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдыруды тапсырамын. Кейінірек осы мәселеге тағы ораламыз. Сол уақытқа дейін үкіметтегілер, бизнес өкілдері және сарапшылар бір келісімге келуі керек", - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің тапсырмасымен жылдың соңына дейін халықтың зейнетақы қорын пайдалану мәселесі шешіледі. Яғни, енді үй сатып алуға не білім алуға зейнетақы қорын пайдалануға болады. 

Көпбалалы отбасылардың үй алуына 240 миллиардтан аса ақша бөледі

Келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы өсетін болды. 

"Тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырдым. Бұл келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтеріледі деген сөз", - деді Президент.

Жолдау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы отбасыларға жасалатын көмек туралы айтты. 

"Биыл Елбасының бастамасымен "Бақытты отбасы" деген екі пайыздық жеңілдетілген мөлшерлеме және он пайыздық бастапқы жарна төлеу арқылы жүзеге асатын бағдарламасы құрылды. Бұл өте тиімді ұсыныс. Жылдың аяғына дейін 6000-ға жуық отбасы баспаналы болады. Ең алдымен көпбалалы отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 2020 жылы осы секілді 10 мың отбасыға баспана беріледі. Үкімет бұл бағдарламаға қатысуға нақты талаптар қойып, оның орындалуын қатаң бақылау қажет. Баспанаға мұқтаж отбасыларға ғана көмек көрсетілуі қажет", - деді Президент жолдауында.

Президент үкіметке кезекте үш жыл қатарынан тұрған, жағдайы нашар, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

"Тұрғын үй сатып ала алмай жүрген отбасылардың саны - 30 мың. Жалдап тұруға мүмкіндік беру керек. Сол себепті 2022 жылға қарай мемлекет 240 миллиардтан аса ақша бөледі", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer