Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 октября 2020 14:20

ЖЭЦ-2: алматылықтар қашан таза ауа жұтады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев © Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Алматыға келген адамға ең алдымен қаланы басып тұрған тұмша көрінеді. Тұмша қаланың символына айналғандай. Алматылықтар қаланың экологиясына кері әсерін тигізіп жатқан - ЖЭЦ-2 (ТЭЦ) екеніне сенімді. Жергілікті тұрғындар бұл мәселені шешуге түрлі петицияға қол жинаса, мамандар зиян қалдықтардың бөлінуін азайтудың түрлі амалын қарастырды. Tengrinews.kz тілшісі қаланың 70 пайызын жылумен қамтамасыз етіп отырған жылу электрцентралына қатысты қандай мәселе барын және ол қашан шешілетінін анықтап көрді. 


Алматыға келген адамға ең алдымен қаланы басып тұрған тұмша көрінеді. Тұмша қаланың символына айналғандай. Алматылықтар қаланың экологиясына кері әсерін тигізіп жатқан - ЖЭЦ-2 (ТЭЦ) екеніне сенімді. Жергілікті тұрғындар бұл мәселені шешуге түрлі петицияға қол жинаса, мамандар зиян қалдықтардың бөлінуін азайтудың түрлі амалын қарастырды. Tengrinews.kz тілшісі қаланың 70 пайызын жылумен қамтамасыз етіп отырған жылу электрцентралына қатысты қандай мәселе барын және ол қашан шешілетінін анықтап көрді. 

Алматы тұрғындарын жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп отырған үш ЖЭЦ бар. Біріншісі (ЖЭЦ-1) газбен жұмыс істесе, ЖЭЦ-2 және ЖЭЦ-3 әлі де көмірден ауыса алмай отыр. Қаланың шетінде орналасқан ЖЭЦ-2 құрылысы 1974 жылы басталып, 1989 жылы аяқталған. Станцияға 20-дан аса мекеме, 7000 қоғамдық нысан мен тұрғын үй қосылған. Көмір арқылы жұмыс істейді. Жылу электрцентралының көмірден газға ауысуы жылдар бойы шешілмеуі басты проблемаға айналды. ЖЭЦ-2-ні көмірден газға ауыстыру туралы келіссөздер 2011 жылдан бері жүргізіліп келеді. Мамандар мен қоғам белсенділері проблема тез арада шешілмесе, бұл экологиялық апатқа ұласуы мүмкін екенін айтып, дабыл қағып жатыр.

© Tengrinews.kz 

ЖЭЦ-2-ге қатысты ой екі түрлі

Биыл ақпан айында қоғам белсенділері Алматыдағы ауаның ластану себебі көліктер емес, жылу электрцентралы екенін мойындату мақсатында петицияға қол жинаған болатын. Жалпы петицияға 26 мыңнан аса адам қол қойды.

Бұл петициямен тәжірибелі экологтар қауымдастығының төрағасы Лаура Маликова да келісіп отыр. Оның айтуынша, қаладағы ауаның ластануының бірден бір себебі - ЖЭЦ.

"Ол менің ойым емес. Бұл ЖЭЦ-2-дегі есеп пен құжатқа негізделген зерттеудің нәтижесі. Яғни ол құжаттар мен зерттеу жұмыстары жалпы жылыту жүйесі ауаның ластануына 60 пайыз үлес қосатынын көрсетті", - дейді маман.

Сарапшылардың сөзінше, жылу электрцентралын газға ауыстыруға қазандықтардың 12 метр тереңдікте орналасқаны қиындық тудырып отырған көрінеді. Алайда Маликова ол үшін техникалық шаралар ойластырылып қойғанын айтады.

"Проблема неде екенін түсінбеймін. Ол біреудің, бәлкім ол көмір шығаратын компанияның қызығушылығы шығар. Лоббистер де түрлі сылтау айтып, "қолымыздан келмейді, қымбат" деп айтады", - дейді Лаура Маликова.

Құжатқа бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин да қол қойды. Оның айтуынша, қаланың экологиялық проблемасы - маңызды мәселенің бірі.

"Мен Алматыға келгенде иллюминаторға қарамауға тырысамын, себебі менің сүйікті қаламның үстіндегі қалың тұмшаны көру мен үшін ауыр. Мен әрекеттің адамымын. Егер бірнәрсе бұрыс екенін көрсем, бірден оны реттеуге тырысамын, бірақ бұл жағдайда ол менің қолымнан келмейді. Мен тек бәріміздің ортақ мүддеміз үшін күресіп жүрген адамдарға қолдау білдіре аламын. (...) Бұл туралы бұған дейін де бірнеше рет айтылған, экологтардың айтқанына қосылып, күткеннен басқа амалым жоқ. Себебі мен, балаларым мен жақындарым Алматыда тұрады. Ал қаланың экологиялық проблемасы - маңызды мәселенің бірі", - дейді Саин.


© facebook.com/rakhim.oshakbayev 

Ал экоамбассадор Тимур Елеусізовтің сөзінше, алматылық ЖЭЦ-тің газға өтуі тек PR және кейбір адамдардың қалтасын қалыңдатуы үшін жасалып отырған әрекет. Елеусізов қоғам арасында қызу талқыға түскен ЖЭЦ газға өткен жағдайда ауа тазармайтынын, керісінше, бағаға теріс әсер етуі мүмкін екенін айтады.

"ЖЭЦ-тің газға өтуі PR-әрекет және әлдекімнің пайдасы үшін жасалып отырған секілді. Ол тарифтердің өсуіне әкеп соғады, демек азық-түлік пен басқа да қызмет түрлері қымбаттай бастайды. Одан бөлек, мақсатсыз шығын біздің салығымыздың есебінен төленеді. Ол ақшаны күн панельдері, жел диірмендері немесе басқа балама энергия көздерін жасауға және қаланы көгалдандыруға жұмсауға болады", - дейді экоамбассадор.

ЖЭЦ-ке байланысты мәселе қашан шешіледі?

Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтарды газға ауыстыруға 98 433 миллиард теңге жұмсалады. Биыл 20 қазанда Үкімет алматылық жылу электрцентралын газдандыру жобасын мақұлдады.

Қоғамдық пікірді ескере отырып, жылу электр станциясын жаңғыртудың қарастырылған төрт нұсқасынан қолданыстағы энергетикалық қазандық агрегаттарын реконструкциялау жолымен ЖЭЦ-2-ні көмірден газға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Жоба 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл ЖЭЦ-2 2025 жылы бірақ газға өтеді деген сөз емес.

"Жылыту маусымы кезінде ЖЭЦ-2-нің жұмысын тоқтатуға болмайды. Үзіліс кезінде, жылыту маусымы тоқтағанда, яғни сәуірдің ортасы мен қазанның ортасына дейін нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізе аламыз. ЖЭЦ-2-дегі сегіз қазанагрегаттарына бір мезетте жөндеу жұмысын жасап, газға ауыстырып жібере алмаймыз. Егер олай істейтін болсақ, барлық жұмыс құрдымға кетіп, пәтерімізде мұздап отырып қаламыз. Мамандар бір жылда тек екі қазанагрегатын жөндей алады. Осылайша 2025 жылға қарай біз барлық қазанагрегатын газға ауыстыра аламыз", - деді қала басшысы "Алматы" телеарнасындағы тікелей эфир барысында.

Бақытжан Сағынтаев осылайша бір жылда ЖЭЦ-2-ден бөлінетін қалдық 38 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін түсетінін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети