КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
16 марта 2021 | 12:32

Жұмабек жұмыстан кеткені рас па? Түркістан полициясы жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрларынан Видео кадрларынан

Соңғы күндері желіде аты көп аталған "Жұмабек жұмыстан шықты" деген ақпарат тарады. Бөлімше басшысы лауазымынан айырылғаны рас, бірақ ішкі істер органдарында қалады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзовадан білді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы күндері желіде аты көп аталған "Жұмабек жұмыстан шықты" деген ақпарат тарады. Бөлімше басшысы лауазымынан айырылғаны рас, бірақ ішкі істер органдарында қалады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзовадан білді. 

Qumash telegram-каналында Жұмабек Төлеген қызметінен кеткені туралы ақпарат шыққан. Бірақ онда полиция қызметкері ішкі істер органдарында қалатыны айтылмаған. 

"Ақпарат дұрыс тарамаған. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің тармақшаларын және Полиция стандарттары туралы бұйрықты бұзғаны үшін Түркістан облысы ПД тәртіптік комиссияның шешімімен Отырар аудандық полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Жұмабек Төлеген лауазымынан босатылды", - деді ведомствоның ресми өкілі. 

Салтанат Қаракөзованың айтуынша, Жұмабек Төлеген қазіргі лауазымынан айырылса да, ішкі істер органдарынан кеткен жоқ. Департамент өкілі "Жұмабек Отырар ауданындағы кәсіби мамандардың бірі" екенін айтты. 

Еске салайық, таяуда әлеуметтік желілерде видео тараған, онда қарсы жолмен келе жатқан көлікті полицейлер тоқтатқаны, бірақ жүргізуші тәртіп сақшысының сөзін елемей, "Жұмабекке хабарлас" деп оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді.

Ескерту! Былапыт сөз айтылады.

Түркістан облыстық ПД өкілдері жүргізуші ұсталғанын, ал оны жібере салған қызметкерге қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған.

Кейін Жұмабек деген кім екені анықталған еді. Өңірлік полициядағылар Отырар аудандық ПБ-да шын мәнінде Жұмабек Төлеген деген полиция майоры жұмыс істейтінін мәлімдеген. Ол әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, оның қоластында екі қызметкер болған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer