ПОДЕЛИТЬСЯ
04 февраля 2019 | 16:13
Жұмысқа орналасу кезінде несие тарихын тексеру не үшін қажет
Қазақстандық жұмыс берушілер енді үміткерлерді жұмысқа алу кезінде оның несие тарихын ескереді. Бірақ бұл тек үміткердің келісімімен жүргізіледі екен. Дегенмен қазақстандықтардың көбі бұл бастаманы дұрыс түсінбей, "Несие қарызы барлар жұмыссыз қала ма?" деген сұраққа бас қатырып дал. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі несие тарихтарының базасын сақтайтын Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиевадан бұл шараның неліктен қолданылатынын, үміткердің несие тарихы жұмысқа орналасуда қаншалықты әсер ететіні жайлы сұрап білді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық жұмыс берушілер енді үміткерлерді жұмысқа алу кезінде оның несие тарихын ескереді. Бірақ бұл тек үміткердің келісімімен жүргізіледі екен. Дегенмен қазақстандықтардың көбі бұл бастаманы дұрыс түсінбей, "Несие қарызы барлар жұмыссыз қала ма?" деген сұраққа бас қатырып дал. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі несие тарихтарының базасын сақтайтын Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиевадан бұл шараның неліктен қолданылатынын, үміткердің несие тарихы жұмысқа орналасуда қаншалықты әсер ететіні жайлы сұрап білді.
Әсем Нұрғалиеваның айтуынша, бұл заңнама негізіндегі бастама емес. Мұны тек жұмыс беруші мен үміткер шешеді, әркімнің өз құқығы.
"Бұл заң тәртібінде жасалып отырған шара емес. Бұл жұмыс беруші мен үміткердің құқығы ғана, яғни қажет болса, үміткер несие тарихын тексеруден бас тарта алады. Ол несиесін мерзімінен кешіктірген жағдайлар болса, жұмыс беруші неліктен олай болғанын, жағдайдың мән-жайын анықтап сұрауға құқылы. "Сені онда жұмысқа қабылдамаймыз" деп айтпайды. Бірақ расында кейде басшылық борышкер қызметкерлерді алғысы келмейді", - дейді Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры.
Оның айтуынша, мерзімінен кешіктіріліп төленген бір несие жұмысқа қабылдамауға негіз бола алмайды.
"Тағы да ескерткім келетіні, бұл бір жазалау немесе адам құқығына шектеу қою мақсатында қолданылатын шара емес. Себебі қазақстандықтардың көбі дұрыс түсінбей қалып жатыр. Несие тарихын тексеру шарасы - ешкімнің де құқығына қайшы болмайды және заңды бұзбайды. Мұндағы біздің мақсатымыз - қазақстандықтардың өз несие тарихын бақылап жүруге үйренуі", - деп түсіндіреді.
Осы ретте маман несие тарихының маңызын айта отырып, дамыған елдердің тәжірибесіне тоқталды.
"Мысалы, АҚШ-та сіз пәтер жалдап тұрғыңыз келсе, онда тиісті органдар сіздің несие тарихыңызды тексереді. Тіпті көлікті жалға алғыңыз келсе де несие тарихы міндетті түрде ескеріледі. Осылайша, несие рейтингіңіз төмен болса, жылжымайтын мүлікті сатып алмақ түгілі, жалға да ала алмайсыз", - дейді Нұрғалиева.
© pixabay.com
Сондай-ақ, Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры несие тарихтарының базасын сақтайтын бюроның мақсаты қарызын мерзімінен кешіктірмей төлейтіндерді ынталандыру екенін айтады.
"Бірінші кредиттік бюрода біз несие тарихы жақсы қазақстандықтардың несие бойынша шарттарын жақсарту бағытында жұмыс істейміз. Кредиттік бюроның міндеті - төлем мерзімін кешіктірмейтін қарыз алушыларды ынталандыру. Бірақ біздің бюро қара тізімді жүргізбейді және біз қара тізімге енгізу-енгізбеу мәселесіне әсер етпейміз", - дейді Әсем Нұрғалиева.
Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, бүгінде қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 6 триллион теңгеден асады. Ал олардың 15 пайызы несиені мерзімін кешіктіріп төлегендер екен.
Сондықтан маман несие тарихына немқұрайлы қарамай, оны бақылап жүруге кеңес береді. Қарызды төлей алмаған жағдайда бірінші кезекте банкке барып, жағдайды түсіндіріп, өтініш қалдыру керектігін айтады. Нұрғалиеваның айтуынша, банктер мұндай жағдайда несие демалысын береді немесе қайта қаржыландыру жүргізеді. Ал отбасын асыраушысы қайтыс болған жағдайда, банк қарызды кейінгі шегертіп, төлемнің мерзімін ұзарта алады.
Оқи отырыңыз:
"Қара тізімнен" шығып, несие тарихын жақсарту жолдары - Маман кеңестері
Қайтыс болған адамның несиесін кім өтейді - Заңгер түсіндіреді
Кредит алғанда заңсыз қосылған пайыздарды қалай қайтаруға болады
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также