ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 декабря 2020 | 10:38

"Жұмысшылар үш есе қысқарды". Пандемия риелторларға қалай әсер етті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Пандемияға қарамастан, үй іздеген халық азаймай тұр. Көп нысан карантинде жабылса да, риелтор жұмысы тоқтамады. Бірақ пандемияның да риелторлар жұмысына тигізген әсері көп. Елордадағы риелторлық компанияның басшысы Жұлдыз Әлиева Tengrinews.kz тілшісіне пандемия кезіндегі жұмысы туралы айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Пандемияға қарамастан, үй іздеген халық азаймай тұр. Көп нысан карантинде жабылса да, риелтор жұмысы тоқтамады. Бірақ пандемияның да риелторлар жұмысына тигізген әсері көп. Елордадағы риелторлық компанияның басшысы Жұлдыз Әлиева Tengrinews.kz тілшісіне пандемия кезіндегі жұмысы туралы айтып берді.

Жұлдыз Әлиева Нұр-Сұлтанда тұрады. Риелтор болып жұмыс істеп жүргеніне төрт жылдай болған. Әріптесімен бірге елордада риелторлық компания ашқан.

Риелтор наурызда елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, қалалар арасына блокбекет қойылмай тұрып, Атырауға кетіп қалған. Анасы, бауырлары сонда тұрады. Төрт ай бойы Атыраудың нарығын тексерген екен.

"Үйде отырып, сатылатын пәтерлердің бағасын зерттедім. Не сатылып жатыр, қайда жаңа үй салынып жатыр - тексеріп отырдым. Карантинді солай өткіздім. Клиенттермен бірге банкке, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып жүрдім. Сондықтан бос уақытым көп бола қойған жоқ. Шынымды айтсам, дәл қазір негізгі хоббиім - жылжымайтын мүлікпен айналысу. Сондықтан, карантин кезінде жұмыс та істедім, хоббиіммен де айналыстым. Одан бөлек, шетелдік онлайн-курстарға жазылып, жылжымайтын мүлік саласында білімімді арттырдым", - дейді ол.

Жұлдыздың сөзінше, бизнес-орталықтар жабылса да, риелтор жұмысы тоқтамаған.

"Пандемия бізге ғана емес, жеке кәсіппен айналысатын адамдарға тікелей әсер етті. Себебі бизнес-орталықтар жабылып қалды. Біздің бизнес-орталық та төрт айға жабылып, дұрыс жұмыс істей алмадық. Жылжымайтын мүлік саласындағылар ғана емес, көп кәсіп тоқтап қалды. Үйде отырғанда да жұмысымызды жалғастырдық, клиенттер хабарласты. Соның өзінде шектеу көп болды. Кейде банктер жұмыс істемеді. Сондықтан біздің жұмыс уақытымыз қысқарды", - дейді ол.

Карантинге байланысты риелторлар жұмысы азайғандықтан, оның компаниясындағы қызметкерлер саны үш есе қысқарған.

"Пандемияға дейін компаниямызда 15 шақты адам болған. Елде төтенше жағдай режимі жарияланған кезде жұмыс тоқтап, қызметкерлер саны қысқарды. Карантин кезінде 4-5 адам ғана қалдық. Қазір елдегі ахуал тұрақталып келе жатыр, шектеулер азайды, сондықтан адамдарды қайта жұмысқа қабылдап жатырмыз. Жақында Атыраудан филиал аштық", - дейді Жұлдыз.

Риелтордың сөзінше, пандемия кезінде үй іздейтін халық саны азаймаған.

"Керісінше, үй сататындар күрт азайды. Жан-жақтан дүрліктіріп, күнде адам өліп жатқан соң қорыққан болар. Сатушылар интернеттегі хабарламасын алып тастап, үйін көрсетуден бас тартты. Мұндай жағдайда үйіне кез келген адамды кіргізе бермеген жөн деп шешкен шығар. Біреулердің кішкентай балалары бар, үйінде қарт кісілер болуы мүмкін. Ал сатып алушылар бұрынғыдай қарқынды болды. Күнде қоңырау шалып жатады", - дейді жылжымайтын мүлік маманы.

Жұлдыз Әлиева пандемия кезінде үйлер қымбаттамай, керісінше кейбірі арзандағанын айтады. Себебі үйімді дереу сату қажет деген сатушылар болған. Вирусқа қарамай, маскамен келіңіздер, үйді көрсете аламыз дейтіндер бар екен.

Қазіргі уақытта риелторлар толығымен жұмысына оралған. Жұлдыз карантинде қайырымдылық жасау қаншалықты маңызды екенін түсінгенін айтады. Себебі оған карантин кезінде көмек сұрап хабарласқан отбасылар бар екен.  

"Карантин кезінде көп отбасының ақшалай тұрғыда қиналғанын көрдім. Бізге көпбалалы немесе жалғыз басты аналар хабарласып, көмек сұрап жатады. Ақша жинай алғандар арзандау үй тауып беруімді сұрайды. Бірақ біз кішкентай риелторлық компания болған соң, қолымыздан көп нәрсе келмейді. Дегенмен, оларға ақшалай, болмаса, киім не тамақ алып беріп, көмектесуді қолға алып жатырмыз. Балалар үйі мен қарттар үйіне де солай көмектескіміз келеді. Бұл карантин бір-бірімізді түсінуді, қол ұшын созуды үйреткенін қалаймын", - дейді риелтор.

Жұлдыз Әлиева жазда елде күн сайын адамдар ауырып, күнде өлім тіркеліп жатқан кезде қорыққанын айтады.

"Коронавируспен де, пневмониямен де ауырған жоқпын. Басқалары секілді иіс пен дәм жоғалтпадым. Бірақ күн сайын вирус табылып, адамдар қайтыс болып жатқанын оқып қорыққаным рас. Оның үстіне мен күн сайын банкке, ХҚКО-ға барып жүрдім. Менің де ауырып қалуым мүмкін еді, бірақ мүмкіндігінше сақтық шарасын ұстандым", - дейді Жұлдыз.

Оқи отырыңыздар:

"Біз де онлайн жұмыс істедік". Пандемия балабақша қызметкерлеріне қалай әсер етті?

"Жұмыс істемесек те, жалақы төленді". Пандемия сауда үйлерінің жұмысшыларына қалай әсер етті?

"Аядай бөлмеде тығылып отыру қиын". Пандемия дәстүрлі әншілерге қалай әсер етті?

"Интернеті жоқ оқушылар бар". Пандемия мұғалімдерге қалай әсер етті?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer