Желіде жүк көлігінің бортында отырған жұмысшылардың видеосы тарады. Ролик Таразда түсірілген. Жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде жүк көлігінің бортында отырған жұмысшылардың видеосы тарады. Ролик Таразда түсірілген. Жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеодан жүк көлігінің шанағында отырған 10 шақты адамды көруге болады. Киімдері коммуналдық қызметшілерге ұқсас.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылғанын айтты.
"ЗИЛ 130 ММЗ" маркалы автокөлігінің жүргізушісін таптық. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлімі бойынша ("Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау") әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп хабарлады полиция өкілі.