ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 июня 2021 | 11:26

"Жүйелі жұмыс жоқ". Депутат Қазақстандағы жұт туралы

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: facebook.com/torekenov.torekenov Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

Депутат Қазақстанның бірқатар өңірінде болып жатқан жұтты жүйелі жұмыс жоқ болуымен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Депутат Қазақстанның бірқатар өңірінде болып жатқан жұтты жүйелі жұмыс жоқ болуымен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжіліс отырысында елдегі жұт мәселесін көтерді. Оның айтуынша, қоршаған ортаға антропогендік әсерлер мен жалпы климаттың өзгеруі, алдымен еліміздің агроөндіріс кешеніне әсер ете бастаған. Теңіздер мен өзендердің тартылуы, жауын-шашынның нормадан аз түсуі көптеген аймақтың, соның ішінде Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылығына қиындық туғызды.

"Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында ата-бабамыздан қалған асыл мұраның бірі төрт түлік малды ұстап отырған шаруашылықтар мен тұрғындар аса ауыр жағдайда. Елде орын алған су тапшылығы мен қуаңшылық жайылымдық жерлердің жағдайын кетірді. Осы жағдай тиісінше малдың шығынына әкелді. 2020 жылы Маңғыстауда 4883 мал басының өлімі тіркелсе, биыл бірінші тоқсан қортындысы бойынша, 1332 бас мал өлген. Бұл мәлімет тек сырғаланған, тіркелген мал шығыны бойынша ғана, ал, облыстағы малдың 56 пайызын құрайтын қалың бұқараның қанша малы қырылғаны белгісіз. Мұндай жағдай Қызылорда облысында да тіркеліп, 481 бас мал өлген", - деді депутат.

Сонымен қатар, депутаттың айтуына қарағанда, бұл жағдай мал азығының бағасын еселеп көтеріп жіберген.

"Маңғыстауда бір түк шөптің бағасы 17 мың теңге болса, бір келі арпаның бағасы 95 теңгеге жетті. Ал көршілес Ақтөбе облысында сол бір түк шөп 4 мың теңге тұрады. Бағаны көтеріп отырған жол шығындары және осыдан пайда көріп қалайын деп отырған делдалдар. Осы зауалдың кесірінен қаншама отбасы ауыр жағдайға ұшырады, қаншама шаруашылық жер сипап қалды? Оның есебі бар ма? Осындай жұтта халыққа қалай көмек береміз? Әрине, халық бірінші кезекте Парламентке, Үкіметке арқа сүйейді", - деді Жаңбыршин.

Депутат мемлекет малға азық тауып бере алмай жатқаны өте ұят жағдай екенін де айта кетті.

"Жалпы болып жатқан жағдай, әр өңірдің ерекшеліктерін ескерген, ғылыми зерттеулерге негізделген еліміздің мал шаруашылығын дамытуға және оның азығын дайындауға арналған жүйелі-жоспарлы жұмыстың жоққа жақын екенін айқын көрсетіп отыр. ХХІ ғасырда ғарышты игеріп, Аустралия мен Канадан асыл тұқымды мал алдырып, дүниенің бәрін цифрландырып жатқанда, малға азық тауып бере алмай жатқанымыз өте ұят! Қазақ атымызға сын емес пе?", - деді Еділ Жаңбыршин.

Осыған байланысты депутат жұт жайлаған нақты аудандар мен аймақтарда шұғыл түрде жергілікті дәрежедегі төтенше жағдай жариялап, оларға тиісті бюджеттік көздерден және материалдық қорлардан нақты көмектер көрсетуді ұсынды. Сонымен қатар, зардап шегіп жатқан аудандарға мал азығын жеткізуді қамтамасыз етуді сұрады.

Маңғыстау облысында тұрғындар малға шөп орнына картон беруге мәжбүр

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer