ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 июня 2021 | 16:56

"Жылқы зәрінен". Әкім балықтың қырылуына қатысты сөзін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев өңірде балықтың қырылу себебіне қатысты сөзін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев өңірде балықтың қырылу себебіне қатысты сөзін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аудан әкімінің сөзінше, Ноғайты және Сағыз өзендерінің қосылған тұсында 150 келі өлі балық (ұсақ балық) жиналды.

"Балықтың қырылу себебін анықтау үшін аудан әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Балық пен судың құрамы сараптамаға жіберілді. Нәтижесі шыққаннан кейін хабарланады. Айта кету керек, Ноғайты өзені көктем мезгілінде тез тасып, өзен сулары кішігірім көлшіктерді құрап (ең терең жері 50-60 см) негізгі арнадан бөлініп қалып жатыр.

Алдын ала бағалау бойынша, сол жерде балықтың өліміне судағы оттегінің болмауы себеп болған. Оған бірнеше фактор себеп болуы мүмкін. Бұл қоршаған ауаның жоғары температурасынан, яғни ауданда бір айға жуық жауын-шашынның және күн температурасының 35 Цельсийден төмен болмауы себебінен болуы мүмкін. Сондай-ақ, тағы бір себеп - жергілікті тұрғындардың төрт түлік малды көп мөлшерде өзен суынан суаруға әкелуінен малдың тіршілік қалдықтарымен су ластанған болуы мүмкін", - деп түсіндірді әкім.

Нұрсұлтан Бисембиевтің сөзінше, балық өлімінің нақты себебін сараптама анықтайды.

Еске салайық, 10 маусымда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балық қырылып жатқаны жөнінде дабыл түскен болатын. Өлі балықтар Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсынан табылды. Қаракөз және қызылқанат балықтарының шабақтары екі өзеннің құяр аумағында өлген. Әкім, болжам бойынша, бөлініп қалған суда жылқының зәрінен немесе қой тоғытудың салдарынан ауа жетпей өлуі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети