ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 января 2024 | 09:04

"Қабырғалар жарылып, үйіміз құлайын деп тұр". Алматы облысының тұрғындары жанайқайын жеткізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Үйлердің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұр. Алматы облысында баспаналарының маңынан автокөлік көпірі салынған 4 үйдің тұрғындары шарасыздықтан не істерін білмей отыр. Бір жағынан теміржол өтсе, енді бір жағына көпір салынған үйлердің жалғыз шығар жолы да жекенің меншігінде екен. Бұқара осыдан 4 жыл бұрын "үйлерің сүріледі" деген хабар алғанымен, "жер қатынастары бөлімінен жағдайымызды сұрап келген жан баласы жоқ" дейді. Ал жергілікті әкімдік мәселеден тіпті бейхабар. Амалы таусылған ағайынның арызын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Үйлердің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұр. Алматы облысында баспаналарының маңынан автокөлік көпірі салынған 4 үйдің тұрғындары шарасыздықтан не істерін білмей отыр. Бір жағынан теміржол өтсе, енді бір жағына көпір салынған үйлердің жалғыз шығар жолы да жекенің меншігінде екен. Бұқара осыдан 4 жыл бұрын "үйлерің сүріледі" деген хабар алғанымен, "жер қатынастары бөлімінен жағдайымызды сұрап келген жан баласы жоқ" дейді. Ал жергілікті әкімдік мәселеден тіпті бейхабар. Амалы таусылған ағайынның арызын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.

Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Бұл аумақтағы жер учаскелері 2011 жылдары сатыла бастапты. Темір жолдың іргесіне шамамен 10 шақты үй қоныс тепкен. Алайда үйлерінің дәл іргесінен көпірдің құрылысы басталып, тұрғындардың үйі қызыл сызықтың үстінде қалып қойған. Құрылыс жұмыстарының кесірінен баспаналарының қабырғасы сөгіліп, іргетасы жарылыпты.

Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

"2012 жылы үй салып көшіп келдік. Ол кезде ешқандай қызыл сызық деген болмаған. Жол түседі деген кезде 2 үйді бұзды. Көпір құрылысы кезінде 35 метрден жерді тесті ғой. Сол кезде 4 үйдің қабырғалары жарылып бастады. Қазір құлауға шақ тұр. Біздің қазір газымыз жоқ. Көмір жағып отырмыз. Электр желісінің барлығын өзіміз ақша жинап тартып алдық. Газ жүргізейік деп әкімдікке барсақ "көпірдің құрылысы бітпей сіздерге газ жоқ" деп шығарып салады. Не сүрілетіні туралы ақпарат айтпайды. Сүрілмейтін болмаса газ бен жарықты жөндеп тартып берсін", - дейді Зәуреш Боранбаева.


Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов. Ауыл тұрғыны Зәуреш Боранбаева. Жасы жетпіске таяған әже аяғының ауырғанына қарамастан көмір тасып, от жағатынын айтты

Фото: Tengrinews.kz

2019 жылы Шамалған ауылындағы Ақсеңгір өткелінде жолаушылар тасымалдайтын автобус теміржол үстінде көлік кептелісіне тұрып қалып, пойыз тоқтай алмай автобусқа келіп соқтығысқан болатын.

Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Осы оқиғадан кейін шенеуніктер дәл осы автокөлік көпірін салуға шешім қабылдаған еді. Алайда көпірдің түбіне салынған 6 үйдің екеуін сүріп, қалған төртеуін елеусіз қалдырыпты. Қызыл сызықтың үстінде орналасса да "бар жағдайды жасап береміз" деп құрғақ уәдемен қатырыпты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer