ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 октября 2020 | 11:23

Қалаларды жабу жоспарланып отырған жоқ - Цой

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус пандемиясына байланысты қалаларды жабу жоспарланып отырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус пандемиясына байланысты қалаларды жабу жоспарланып отырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда республика бойынша қалаларды (республикалық маңызы бар және облыстық деңгейдегі қалалар - ескерту) жабу жоспарланып отырған жоқ. Сондықтан өңірлердегі инфекция ошағында жеке жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Алексей Цой бүгінде шекарада қауіпсіздік талабы күшейгенін, онда жұмыс белсенді жүріп жатқанын айтты.

"Қазіргі мақсатымыз - шетелден келетін коронавирус инфекциясына қарсы тұру. Сондықтан автобекеттер, әуе тасымалына талапты күшейттік. Жолаушыларда ПТР-тест анықтамасы болу талабын енгіздік. Егер жолаушыда бұл анықтама болмаса, ол елге келген соң, 2 күнге оқшауланады. Оның ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетсе, ол үйіне жіберіледі", - деді министр.

Сонымен қатар, ол бәрі елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екенін айтты.

"Нұр-Сұлтан қаласы қосымша шектеу шараларын енгізіп жатыр. Бұл қаланы толық жабу емес, көліктер жүреді, дүкендер жұмыс істейді. Мұны түсіну өте маңызды. Егер біз ауру жұқтырғандар саны көбейгенін байқасақ, онда әрбір өңір жағдай тұрақталғанға дейін жеке әрекет етеді. Кейін жағдай дұрысталған соң карантин талабын жеңілдетеді", - деді Алексей Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда 108 984 адам коровирус жұқтырды. 104 346 науқас айықты, 1 768 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer