ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
06 марта 2020 | 12:16

"Қалтаңа салмақ түседі". Газбен жүретін көлік иелері жаңа ереже туралы не дейді?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kolesa.kz © kolesa.kz

Биыл Қазақстанда газбен жүретін көліктерді тұрғын үй және сауда орталығының паркингіне қоюға тыйым салатын жаңа ереже күшіне енді. Ережеге бағынбағандар 12 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Ал құқықбұзушылық салдары болса, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі жаңа ережеге қатысты жүргізушілердің пікірін сұрап білді.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл Қазақстанда газбен жүретін көліктерді тұрғын үй және сауда орталығының паркингіне қоюға тыйым салатын жаңа ереже күшіне енді. Ережеге бағынбағандар 12 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Ал құқықбұзушылық салдары болса, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі жаңа ережеге қатысты жүргізушілердің пікірін сұрап білді.

27 жастағы жүргізуші Дәурен Гумаров қозғалтқыш көлемі 3 литр болатын Lexus GS 300 көлігін тізгіндеп жүр. Ол газбен жүретін көлікті басқарып жүргеніне жарты жыл ғана болғанын айтады. Бірақ жаңа ережеге қатысты өз айтары бар.

"Жаңа ереже күшіне еніп жатқанын естігемін. Бірақ айыппұл салынатынын білген жоқпын. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. "Ойбай, газ қорқынышты" деп байбалам салудың қажеті жоқ сияқты. Себебі, көлігім газ және бензинмен де жүреді. Автокөлігіме газ орнатқан кезде сапалы қызмет көрсететін орынға бардым", - дейді ол.

"Жауапкершілікті сезінуі тиіс"

Оның пікірінше, әрбір газбен жүретін көлік иесі жауапкершілікті сезіне білуі тиіс.

"Газбен жүретін көліктің иесі жауапкершілікті сезіне білуі керек. Мысалы, мен көліктегі газ құралын жарты ай сайын тексеріп отырамын. Бұл қауіпсіздік үшін маңызды. Себебі, менің 3 балам бар. Екеуін балабақшаға апарамын. Ал енді "көлігің газбен жүреді" деп паркингке кіргізбеу дұрыс емес. Себебі, мен қауіпсіздік талаптарын сақтап жүрмін", - дейді Дәурен Гумаров.

"Қалтаңа салмақ түседі"

Сондай-ақ, ол газдан бас тартуды ойламайтынын атап өтті.

"Көлікті тізгендеп жүргеніме 8 жыл болды. Жарты жыл газбен жүремін. Қаражат үнемдейсің. Газдан бас тарту жоспарда жоқ. Бензинмен жүрсең, қалтаңа салмақ түседі", - деді жүргізуші.

Ал 28 жастағы жүргізуші Марғұлан Муканов жаңа ереже күшіне енгеннен кейін қолайсыздық туындағанын айтады. Оның қозғалтқыш көлемі 2,4 литр болатын KIA Sorento көлігі бар.

"Жұмыстағы паркингтен көлікке қоюға арнайы орын берілді. Алайда жаңа ереже күшіне енген соң автокөлігімді онда қоя алмайтын болдым", - дейді ол ағынан жарылып.

"Қауіпсіздік үшін қажет"

Алайда Марғұлан газдан бас тарту тиімсіз деген пікірде.

"Көлігімнің қозғалтқыш көлемі үлкендеу. Маған газбен жүру әлдеқайда тиімдірек. Сондықтан мен үшін газдан бас тарту тиімсіз болады. Алайда газбен жүретін көліктің паркингте жарылғаны туралы естуім бар. Сондықтан жаңа ереже қауіпсіздік үшін жасалып отыр. Оны түсінуге болады", - дейді жүргізуші.

47 жастағы Бекет Жұматаев бес жыл бұрын газға көшкенін айтады. Осылайша, ақша үнемдеп жүр екен. Оның көлік тізгіндеп жүргеніне 27 жыл болыпты.

"Көлікпен жиі жүретіндерге газ тиімді. Қозғалтқыш көлемі үлкен автокөліктерің иелері ақшаны үнемдеу үшін газ құралын қойып жатыр. Мен Nissan Almera Classic маркалы көлігіме 120 мың теңгеге газ құралын орнаттым. Бірақ көлігімнің қозғалтқыш көлемі - 1,6 литр", - дейді тәжірибелі жүргізуші.

"Екеуі де қауіпті"

Осы орайда ол жаңа ережеге қатысы өз пікірін айтты.

"Жаңа ереже күшіне енген соң, оны орындауға тиіспіз. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін осылай жасалған шығар. Бірақ газ да, бензин де тез жанады, екеуі де қауіпті. Азаматтар қауіпсіздік ережесін сақтаса, мұндай қауіптің алдын алуға болады деп ойлаймын", - деп түйіндеді сөзін Бекет Жұматаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети