Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 мая 2019 16:31

Қара майордан ту алған жас сарбаздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл сайын 7 мамырда елімізде Отан қорғаушылар күні аталып өтеді. Қазір бейбіт заман болса да өздерінің отан алдындағы борышын орындап, әскери қызметте жүргендер қаншама. Tengrinews.kz тілшісіне "Сарбаз" әскери патриоттық клубының директоры, майор Құрмет Нүкенов әскери қызметші болудың қыр-сырын айтып берді. 


Жыл сайын 7 мамырда елімізде Отан қорғаушылар күні аталып өтеді. Қазір бейбіт заман болса да өздерінің отан алдындағы борышын орындап, әскери қызметте жүргендер қаншама. Tengrinews.kz тілшісіне "Сарбаз" әскери патриоттық клубының директоры, майор Құрмет Нүкенов әскери қызметші болудың қыр-сырын айтып берді. 

Құрмет Нүкенов 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол арнайы қызметтегі ішкі әскерде отан алдындағы борышын өтеген. Сол уақыттан бастап әлі күнге дейін әскери қызметте жүр. Бокс және биатлон спорт түрлерінен разрядтары бар. Өзі отбасы құрған, екі бала тәрбиеліп отыр. Ал қазіргі уақытта майор бірнеше жүздеген жас сарбазр тәрбиеленетін клубты басқарып отыр. Клуб болашақта қарулы күштердің қатарында қызмет өткеремін деген сарбаздарды дайындайды.


Құрмет Нүкенов жас сарбаздармен

Құрмет Нүкеновтің айтуынша, қазіргі бейбіт уақытта да әскери адам болу оңай емес. 

"Егер соғыс болса әскерде жүрген адам жауға төтеп беруге әрдайым дайын болуы керек. Өзіміздің жұмыстың қандай екенін білеміз. Егер де елімізге қауіп төнсе аянбастан жанымызды бірінші қиятын біздер. Осы ой әрбір әскери қызметте жүрген адамның сана-сезімінде тұрады. "Бейбітшілікті қалаған соғысқа дайын болуы керек" дегім келеді. Сондай-ақ біз жас сарбаздарға отан алдындағы қызметін лайықты және жанкешті атқарсын деп тәрбие береміз. Мұның бәрі сырттан көрген адамға оңай болып көрінуі мүмкін. Бірақ біз үшін бұл ауыр жүк. Оны лайықты атқарып жүрміз деп ойлаймын", - дейді ол.

Кейіпкеріміздің айтуынша, қазіргі кезде жастар әскерге барып, елге қызмет қылу деген ұғымдарға мүлде көңіл бөлмейді. Сондай-ақ интернет тек кері әсерін беріп жатқан сияқты дейді ол.  

"Меніңше оларға мектеп кезінен түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек. Жастар қиын жұмыс істегісі келмейді, әрі жалқау. Таңнан кешке дейін телефонда отырады. Қазіргі жастардың білімі де төмен. Оны байқап жүрміз. Мен басқарып жүрген әскери клубта 300-ге жуық жас әскери қызметкердің барлығы ауылдан шыққан балалар. Қалалық жастарға интернет те кері әсерін беріп жатыр. Көбінің арманы шетелге шығып, сол жақта өмір сүру. Ал отан, ата-ана, жанұя құруды көптеген жас ойлап жатқан жоқ", - дейді әскери қызметкер.  

Осы тұста Құрмет Нүкенов басынан өткен қызықты жағдайды айтып берді. Өзі басқарып отырған клубтың сарбаздары танымал ауған соғысы ардагері Қара майор деген атымен белгілі Борис Керімбаевтың қолынан ту алған.

"Біз үшін бұл таңғаларлық оқиға болды. 2018 жылдың аяғында мен батыр ағамызға хабарласып, одан біздің сарбаздарға ту тапсырсаңыз деген өтініш жасадым. Бірақ ол кезде Қара майор ауырып жатқан. Оның үстіне таныстары оның ауруына байланысты көп мазалауға болмайтынын ескертті. Бірақ оған қарамастан 16 желтоқсанда Борис Керімбаев маған хабарласып, біздің сарбаздарға ту тапсыруға дайын екенін айтты. Қара майор маған Мәскеуде ауған соғысының батыры ретінде алтын орден берілді деді. Оған қоса сол уақытта марапттау рәсіміне қатысуы керек еді, бірақ ол ұсыныстан ардагер бас тартып, жас сарбаздарға туды өз қолымен тапсыруды шешкенін айтты", - дейді ол. 


© instagram.com/begaly111

Осы оқиғадан кейін кейіпкеріміз де, оның шәкірттері де әскери қызметкердің қандай болатынын түсіндік дейді. Олардың сөзінше, Қара майорға салтанатты жиында кеудесіне медаль тағу емес, осы елді қорғайтын өсіп келе жатқан сарбаздарға айтатын өсиеті маңызды болды.  

Қазіргі уақытта кейіпкеріміз басқарған әскери клубта да жас өнегелі сарбаздар тәрбиеленіп жатыр.

"Біздің клубта бокс, дзюдо, каратэ, аралас жекпе-жек сияқты спорт түрлерінен сарбаздарды жаттықтырамыз. Олар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Еламан Шалқымбеков деген шәкіртіміз аралас жекпе-жектен Таиландта өткен Азия чемпионатында екінші орын иеленді. Сондай-ақ ол өзінің нағыз әскери қызметкер екенін дәлелдеп, сол жақта орналасқан бассейіннің бірінде батып бара жатқан үндістандық азаматты көріп, құтқарып алған. Осы ерлігі үшін оны ол жақта мақтап жатыр", - дейді Нүкенов.

Оған қоса әскери клубтың басшысы сарбаздарымен бірге ерікті ретінде әртүрлі қайырымдылық жұмыстарға қатысатынын айтты. Ол нағыз Қазақстанның қарулы күштерінің қатарында қызмет ететін, мықта да, батыл сарбаздарды дайындап шықсам деген алға қойған мақсатым бар дейді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети