ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
22 июля 2021 | 11:46

Қарағанды облысында 80 миллион теңгенің жолын жауын шайып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қарағанды облысындағы Дәрия кентінде 80 миллион теңгеге салынған жолды жауын шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысындағы Дәрия кентінде 80 миллион теңгеге салынған жолды жауын шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап. 

Ауыл тұрғындары төселген тас көліктің дөңгелегінен түк қалдырмайтынын айтады. Ал ауыл әкімінің сөзінше, халық мән-жайды білмейді. 

Ақпарат қызметінің мәліметінше, кентке 30 жылда алғаш рет жол салады дегенді естіген халық бөркін аспанға атып қуанған еді. Алайда бұл қуаныш ерте сейілген. Жол былтыр "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасымен салынған.

"Осы жаз бойы екі жол апаты болды. Жол быт-шыт, кеткен ақшасына тұрмайды", - дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Жол құрылысының тендерін Шет ауданының әкімдігі жариялаған. Аудан басшысы жазғы демалыста жүр. Телефон арқылы жол сметалық құнына лайықты екенін айтқан. Ендігі жөндеу жұмыстарына 800 миллион теңге қажет болады екен.

"Халық дұрыс түсінбейді. Бұл жартылай жөндеу ғой. Щебень болған соң ирек-ирек болады. Оның үстіне қазір әр үйде бірнеше көліктен, әрі-бері жүретіндер көп", - дейді Дәрия кентінің әкімі Бек-Арыс Райым.

Ақпарат қызметінің мәліметінше, ауылда жол тек 3-4 жылдан кейін пайда болуы мүмкін. Әзірше әкімдік мәселенің шешімі ретінде жолды тегістеп отырамыз деп уәде берген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети