ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 июля 2021 | 16:03

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары танымайтын үміткер әкім болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Қарағанды облысы Дәрия кентінің тұрғындары өңірде таяуда сайланған жаңа әкім Тілеухор Базыловқа қарсы шықты. Олардың айтуынша, тұрғындар басқа үміткерге дауыс берген. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Дәрия кентінің тұрғындары өңірде таяуда сайланған жаңа әкім Тілеухор Базыловқа қарсы шықты. Олардың айтуынша, тұрғындар басқа үміткерге дауыс берген. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Aibat тілшісінің мәліметінше, кент тұрғындары таяуда өткен сайлау қорытындысымен келіспейді. Олар сайланған әкімнің кім екенін және оған кімдер дауыс бергенін білмейміз дейді. 

Жоба мәліметіне сүйенсек, нәтижені естіген тұрғындар сайлау учаскесінің алдына жиналып, комиссиядан түсініктеме талап еткен. Ауылда дауыс беру құқығы бар 306 азамат тіркелген. Оның 206-сы бес кандидат арасында таңдау жасаған. Ауыл тұрғындары өз арасынан шыққан кандидатқа жаппай дауыс бердік десе те, оның есебінде 73 дауыс, ал жеңіске жеткен Тілеухор Базылов 90 дауысқа ие болыпты. Қалған 43 дауысты 3 кандидат өзара бөліп алған. 

"Әрбіріміз өз даусымызды бердік. Ал енді шешімі жеткенде сырттан келген біреу тоқсан дауыс алып отыр. Негізі оған Дәрия халқы, ешкім даусын бермеген. Сонда енді бұл қалай болып тұр? Мазақ қылғаны ма?" - дейді Дәрия кентінің тұрғыны Ералы Күзембаев. 

Ал аудандық сайлау комиссиясының төрағасы халықтың наразылығы туралы естімегенін айтты.

"Әділ я әділ емесін айта алмаймын. Бірінші білейік, мен халық наразы болып жатыр дегенді естіген жоқпын", - деді Шет аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Мұқабаев. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Тұрғындар жеңіске жеткен Базыловты жеке танымайтынын, бірақ Шет ауданында жауапты қызмет атқаратынын айтқан. Бұл ақпаратты Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров растады. Ол халықтан жаңа әкімге 3 ай мерзім беруін сұрапты.

"Егер қолынан іс келмейтін болса, жұмысты атқара алмайтын болса, осы мерзім ішінде белгілі болады. Жұмыс істеуге мүмкіндік берейік. Егер жұмыс істей алмайтындай жағдай болса, алып тастаймыз деген уәде болды", - деді Мұхит Мұхтаров.

Журналистер Қарағанды облысының сайлау коммиссиясына хабарласқан, бірақ жауап ала алмапты. Енді Дәрия кентінің жұрты сайлаудың ресми қортындысын күтіп, халық қалаған кандидатын соңына дейін қолдаймыз деп отыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer