ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
13 июля 2020 | 19:11

Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі. Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұту күні. Елде мемлекеттік тулар түсіріліп, телеэфирден ойын-сауық бағдарламалар тоқтатылды. Tengrinews.kz тілшісі 13 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұту күні. Елде мемлекеттік тулар түсіріліп, телеэфирден ойын-сауық бағдарламалар тоқтатылды. Tengrinews.kz тілшісі 13 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Ел коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтып жатыр

Бүгін Қазақстан халқы коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтып жатыр. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де Қазақстанда бір минут үнсіздік жарияланды.

Ақорда резиденциясының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа да лауазымды тұлғалар коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты.

Іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінен көрсетілді.

Түрлі қалада дәрігерлер көшеге шығып, COVID-19 жұқтырып көз жұмған әріптестерін және науқастарды аза тұтты. Желідегілер бұл акцияның видеосын жариялап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??© ZTB MEDIA 2020 (@ztb_video)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

1 городская сейчас

Публикация от Новости Павлодара и Казахстана (@pavlodar_city_life)

Бірақ бұл акция бәрінің көңілінен шыға қойған жоқ. Кейбірі оны "дәрігерлерді мазақ ету" деп бағалаған.

Карантин тағы ұзартылып, 42 500 теңге төленеді

Қазақстанда карантин талаптары тағы екі аптаға ұзартылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деді Тоқаев. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мұқтаж жандарға шілдеде 42 500 теңгеден берілетінін айтты. 

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деп жазды Президент. 

Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің тізімі жарияланды

Ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болған дәрігерлерді еске алып, олардың аты-жөнін жариялады.

"Қатыгез, әлі зерттелмеген бұл індеттен көз жұмғандар саны 375-тен асты, олардың қатарында медицина мамандары - провизорлық, жұқпалы, карантиндік және модульдік стационарлардың қызметкерлері бар.

Бұл еліміз бен отандық денсаулық сақтау саласы үшін үлкен, орны толмас шығын. Марқұмдардың әрқайсының адам, кәсіби маман, азамат ретінде орны бөлек еді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Коронавирустан көз жұмған дәрігерлердің аты-жөнін мына сілтемеден көруге болады.

60 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда коронавирсты жұқтырғандар саны 60 мыңға жақындады. Кеше елімізде тағы 1646 адамнан COVID-19 табылған.

Оның ішінде 957 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 123 / 54
Алматы қаласы - 231 / 98
Шымкент қаласы - 81 / 16
Ақмола облысы - 35 / 22
Ақтөбе облысы - 63 / 40
Алматы облысы - 34 / 27
Атырау облысы - 266 / 220
Шығыс Қазақстан облысы - 100 / 60
Жамбыл облысы - 71 / 53
Батыс Қазақстан облысы - 99 / 53
Қарағанды облысы - 176 / 102
Қостанай облысы - 49 / 19
Қызылорда облысы - 54 / 24
Маңғыстау облысы - 107 / 100
Павлодар облысы - 77 / 21
Солтүстік Қазақстан облысы - 70 / 38
Түркістан облысы - 10 / 10.

Осылайша, елде 59 899 адамнан коронавирус анықталды. Оның 34 190 науқасы аурудан жазылған, 375 адам қайтыс болған.


Фото:elements.envato.com

Танымал журналист пен судья көз жұмды

Бүгін Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Нәбиев кенеттен қайтыс болғаны хабарланды. Бұл мәліметті қалалық соттың баспасөз қызметі растады.

"Кеше, 12 мамырда 62 Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Ясынұлы Нәбиев 62 жасында өмірден озды. Алматы қалалық сотының басшылығы, сот әкімшілері, Судьялар одағының Алматы филиалы және жалпы Алматы соттарының судьялар корпусы атынан отбасына, туыстарына және барлық жақынына көңіл айтамын. Үлкен қайғы мен ауыр сынақ. Спортты белсенді сүйетін, жарқын және мейірімді адам болды"- деп жазды Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын Facebook желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, қалалық соттың баспасөз қызметі бүгін Алматы қалалық сотының дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін жабылғанын айтты.


Тұрсын Нәбиев

Сонымен бірге, журналист Мира Мұстафина дүниеден өтті. Мира Мұстафина ұзақ уақыт бойы "Литер" газетінде журналист болып жұмыс істеді.

Әріптестерінің айтуынша, өткен аптада одан коронавирус анықталды, артынша пневмония асқынған. Сондай-ақ, әйелде қосалқы аурулары болғаны айтылады. Өткен аптада Мұстафина әріптестерінен дәрі-дәрмек сұрапты.

Әріптестерінің айтуынша, өткен аптада одан коронавирус анықталды, артынша пневмония асқынған. Сондай-ақ, әйелде қосалқы аурулары болғаны айтылады. Өткен аптада Мұстафина әріптестерінен дәрі-дәрмек сұрапты.


Мира Мұстафина

Қымыз бен шұбан коронавирустан көмектесе ме?

Коронавирус жұқтырып, ауруханадағы емдеу курсынан кейін науқастар үйде тыныс алу гимнастикасын жасауы керек, сонымен қатар, қымыз бен шұбат ішуге кеңес берілді.

Пульмонолог Сәуле Қасенованың айтуынша, коронавирус жұқтырып, жазылғаннан кейін қазақтың ұлттық сусындарын және кей шөптен жасалған тұнбаларды ішудің де маңызы зор. Себебі олар иммунитетті көтереді.

"Қымыз, шұбат секілді ұлттық сусындарымыздың шипасы зор. Науқастарда панкреатит немесе асқазанда қандай да бір жара болмаса, осыларды ішуге болады. Себебі бұл сусындар дәрумендерге, микроэлементтерге бай. Олар денсаулықты қалпына келтіруге көмектеседі. Коронавирус инфекциясы ағзаға үлкен стресс болады. Яғни реактивность өте төмен болып қалады. Сондықтан осы сусындарды ішуге кеңес беретін едім. Тағы өкпені тазартуға шөптен жасалған тұнбаларды: пармелия, қызылмия тамырлары және басқалары", - деді пульмонолог.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.34   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети