ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 апреля 2020 | 12:58

Карантин режимі жеңілдеді: енді көшеге шығуға болады

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда 27 сәуірден бастап карантиннен шығудың екінші кезеңі аясында бірқатар мекеме жұмысын жандандырды. Бұдан бөлек қала тұрғындарына аулаға шығу рұқсат етілді. Тек белгілі талаптарды орындау керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 27 сәуірден бастап карантиннен шығудың екінші кезеңі аясында бірқатар мекеме жұмысын жандандырды. Бұдан бөлек қала тұрғындарына аулаға шығу рұқсат етілді. Тек белгілі талаптарды орындау керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ОКҚ онлайн-брифингте айтты. 

"Нұр-Сұлтанда карантиннен кейін жұмысты жандандырудың екінші кезеңіне байланысты мемлекеттік комиссияның шешімімен мына ұйымдар жұмыс істей бастады. Бірінші, қаржы-сақтандыру ұйымдары. Екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 9.00-18.00 аралығында жұмыс істей алады; риелторлық компаниялар, мүлікті бағалау агенттіктері алдын ала жазылу, клиентке құжатты үйіне жеткізіп беру арқылы жұмыс істеуі керек. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда кеңседе екіден артық клиент қабылдамауы керек, клиент пен қызметкердің арақашықтығы 2 метрден жақын болмау керек", - деді ол.

Сондай-ақ, тұрмыстық электр техникасын сататын ірі дүкендер, сондай-ақ саяжай маусымы үшін тауар сататын дүкендер жұмысын жандандырды. Тек тұрмыстық электроника сататын дүкендердің ауданы 2 мың шаршы метрден үлкен болу керек, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау керек. Клиенттердің арақашықтығы, клинет пен касса қызметкерінің арақашықтығы 2 метрден жақын болмауы керек. 

Әкім орынбасараның айтуынша, енді егін еккісі келетін тұрғындар сағат 6.00-18.00 аралығында өз көлігімен саяжайына баруына болады.

"Үшінші, 27 сәуірден бастап аулаға шығу және саяжайға баруға рұқсат етілді. Қалада саяжай учаскелерінде 20 мыңнан астам адам тұрады. Қалада тұратын саяжай иелері карантин кезінде мына шарттарды орындауы керек: таңертең сағат 6-дан бастап 18.00-ге дейінгі аралықты жеке көлігімен баруы керек. Саяжайдың иесі екенін анықтайтын құжаттары болуы керек. 65 жастан асқан адамдарға саяжайға бармауға кеңес береміз. Ал, балалардың қасында ата-анасы немесе 18 жастан асқан туысы болуы керек", - деді ол.

Бақтияр Мәкен қала тұрғындары тек өз үйінің ауласына ғана шыға алады және 3 адамнан артық топтасуға болмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар маска тағып, қолғап киюді ұмытпауы керек.

"Төртінші, қалалық тұрғындар аулаға шыға алады. Тек мына ережелерді орындауы керек: 3 адамнан артық топтасуға болмайды. Отбасы мүшелеріне болады. Кәмелет жасқа толмаған баланың қасында ата-анасы немесе 18 жастан асқан туысы болуы керек. Аулаға шыққан тұрғандар маска тағып, қолғап киюі керек және төлқұжатын алып жүруі керек. Сондай-ақ, өзі тұратын аулаға сағат 06.00-20.00 аралығында ғана шығуы керек. 65 жастан азаматтарға COVID-19 аса қауіпті болғандықтан, үйде қалуын сұраймыз", - деді әкімнің орынбасары.

Еске салайық, елімізде төтенше жағдай режимі 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілген болатын. Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырға дейін ұзартты. Дегенмен елдегі коронавирус инфекциясының жағдайына мониторинг жасағаннан кейін ел президенті карантин режимін 11 мамырға дейін ұзартты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer