ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
11 мая 2021 | 11:47

Қарияны самокатпен ұрған әйел жұрттың ашуына тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Желіде қарияны бір әйел ұрып жатқаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан келіншек кейуананы самокатпен ұрғанын көруге болады. Кейін анасына қол көтерген әйелдің халықтан кешірім сұраған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Желіде қарияны бір әйел ұрып жатқаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан келіншек кейуананы самокатпен ұрғанын көруге болады. Кейін анасына қол көтерген әйелдің халықтан кешірім сұраған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әйел қарияны ұрып жатқанын ер адам көлігінде отырып түсіріп алған. Әйел оны алдымен иығынан самокатпен, кейін арқасынан жұдырығымен ұрады. Қарт кісі оған жауап қатпай, кетіп қалады. Видеодан әйел оған айғайлап жатқаны да естіледі. Оның бұлай ашулануына не себеп болғаны белгісіз. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ» (@qazaqpyz_goi)

Желі қолданушыларын әйелдің әрекеті де, видеоға түсірген ер адам да ашуландырды. 

"Мына әйел де осы жасқа жетіп, дәл осындай жағдайға тап болады", "Қолын сындыру керек еді", "Баласы да кейін өзіне солай жасайды", "Осыны түсіріп отырған адамды сабағым келіп кетті. Неге барып арасына түспедің, камерада отырып алып", "Мынаны көрудің өзі өте қиын екен", "Видеоға түсіріп отырғанша, барып араша түспей ме?", - деп жатыр Қазнеттегілер. 

Артынша Желіде бұл оқиғаның жалғасы жария болды. Бұл видеода қария мен оны ұрған әйел түсірілген. Ролик авторы қарияның жағдайы жақсы екенін, әйелдің ауру деген қағазы бар екенін көрсетеді. Автордың айтуынша, жанжал қария мен оның кіші қызының арасында болған. Бірақ қария басқа қызының қолында тұратады екен. 

"Жағдайым жақсы, ешқандай шағымым жоқ. Арамызда реніш жоқ. Дене жарақатын алмадым", - дейді қарт кісі видео авторының сұрақтарына. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ» (@qazaqpyz_goi)

Бірақ желі қолданушыларын бұл видео да тыныштандырмады. Себебі олардың пікірінше, қарияға осы жауапты жаттатып қойған. 

"Жағдайым жаман деп қалай айтады. Енді екі қызы екі жақтап сабасын", "Байғұс шеше бәрін көріп көтеріп отырған", "Көрініп тұр ғой апаға жаттатып қойғандай, ал сөйлеп тұрған кісі өзі сұрақ қойып, өзі жауап беріп тұр. Апаның көздерінде қорқыныш", - деп пікір қалдырған олар. 

Оқиға қай өңірде болғаны айтылмаған. Желі қолданушыларының пікіріне қарағанда оқиға Шымкентте болыпты. Tengrinews.kz тілшісі бұл оқиғаға байланысты арыз-шағым түскен-түспегенін білу үшін Шымкент Полиция департаментіне сауал жолдады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети