ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
18 июня 2019 | 20:50

Қаскөй такси жүргізушілері қандай жолаушыға тиіседі - Криминалист кеңестері

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: pexels.com Фото: pexels.com

Тіркелмеген такси жүргізуішісін тоқтатып, олардың қызметін пайдаланытындар көп. Алайда мұндайда бірнеше мәселеге назар аударған жөн. Себебі осындай заңсыз такси қызметін пайдаланамын деп, опық жегендер қаншама. Tengrinews.kz тілшісіне Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов қандай такси жүргізушілерінен сақ болу керек екенін айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тіркелмеген такси жүргізуішісін тоқтатып, олардың қызметін пайдаланытындар көп. Алайда мұндайда бірнеше мәселеге назар аударған жөн. Себебі осындай заңсыз такси қызметін пайдаланамын деп, опық жегендер қаншама. Tengrinews.kz тілшісіне Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов қандай такси жүргізушілерінен сақ болу керек екенін айтып берді. 

Оның сөзінше, такси қызметкерлерінің үстінен көбіне ұрлық дерегімен іс қозғалады. Көбіне қылмыс жасайтындар заңсыз жекеменшік тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер.

"Негізі жекеменшік такси қызметінен гөрі, арнайы таксопарк қызметін пайдаланған қауіпсіз деп айтқым келеді. Себебі қылмысқа баратындардың көбі жол-жөнекей жеткізіп салушылар. Тәжірибемде такси қызметкерлері тарапынан көбіне ұрлық, зорлау, ұрып-соғу сияқты қылмыстарды кездестіргенмін. Такси жүргізушілері кәсіби түрде қылмыспен айналыспайды. Сондай-ақ қылмысқа баратындардың барлығы бұрын сотталған адамдар емес. Яғни бұрын қылмыс жасамаған, кенеттен қылмысқа баратындары болады. Қылмыс жасаушылардың дені 18-35 жас аралығындағы адамдар. Егде жастағылар мұндай қылмысқа бара бермейді", - дейді ол.


© unsplash.com

Полицейдің айтуынша, мұндай қылмыстардың басым көпшілігі түнгі және таңғы уақытта болады. Ал мұндай оқыс оқиғаға ұшырайтындар көбіне мас және ұйқылы-ояу адамдар. 

"Такси жүргізушілерінің жолаушыларды ұрып-соғуы, заттарын тартып алуы, қыз-келіншектерді зорлауы, тіпті өлтіруі сияқты іс-әрекетке не үшін барады? Жүргізушілер түрімді дұрыс қарай алмады, мені кейін таппайды немесе қорқытып тастаймын деген дәмемен осындай қылмыс жасайды. Ондай адам оңай олжа мен жеңіл табысқа кенелгісі келеді. Кейін ақшасын тартып алады, әйел адам болса зорлауы да мүмкін. Мұндай жағдайлар болған, бірақ біз ондай қылмыс жасаған адамдарды тауып, қылмыстық іс қозғаймыз. Айта кетейін, мұндай такси жүргізушілерінің құрбаны болатын белгілі бір адамадар бар. Олар ішімдік ішкендер және қыз балалар. Оларға полиция қызметкері ретінде түнгі уақытта жекеменшік такси қызметін пайдаланбауға кеңес беремін. Сондай-ақ таксиде бірнеше адам отырса одан тіпті бас тартқан жөн", - дейді ол.

Дмитрий Демидовтың сөзінше, такси көлігіне отырған кезде де бірнеше ережені ұстану керек, себебі жүргізушінің бірден қылмыскер немесе ниеті адал екенін анықтау мүмкін емес.

"Таксопарк қызметін пайдалануға кеңес беремін. Ал жол-жөнекей кетіп бара жатқан жекеменшік такси қызметін пайдаланатын болсаңыз алдыңғы емес, артқы орынға отыруға кеңес беремін. Бұл нұсқаулық кейбір елдерде заң ретінде белгіленген. Яғни жолаушылар жол-жөнекей тоқтаған көліктің тек артқы орындығына отырады. Себебі осылай жүргізушімен тікелей байланыс болмайды. Сонымен қатар, егер де артқы орында да бірнеше адам отырса ондай көлікке де отырмауға кеңес беремін. Жалғыз жүргізуші немесе оның қасында әйел болса, онда ол көлікке отыруға болады", - дейді полиция қызметкері.

Полиция қызметкері өз тәжірибесінен өткен оқиғаны да айтып берді.

"Таксист жүргізушілері жасаған зорлық және қарақшылық сияқты қылмыстарын ашу менің тәжірибемде болған. Бірде ішіп алған жолаушы кафеден шығып, үш адамы бар жекеменшік такси көлігіне отырған. Жолда олар жолаушыны пышақпен қорқытып, оның жеке мүлкін, яғни ұялы телефонын, ақшасын тартып алған. Сөйтіп, оны жолда тастап кеткен. Мұндай жағдайлар көп кездеседі. Такси жүргізушісі мен жолаушы арасында аяқ астынан жанжал тууы мүмкін. Кейбір жағдайда олардың бірі екіншісінен жапа шегетін жағдаймен аяқталуы мүмкін", - дейді ол.

Сонымен қатар, Дмитрий Демидов банк терминалы жанынан аңдып, ақшасы бар адамның ізіне түсіп, кейін оған такси қызметін ұсынатын адамдарды нағыз кәсіби қылмескерлер деп атады. Оның айтуынша, кәсіби қылмыскерлер ақша табу үшін такси қызметін көрсетпейді. Сондай-ақ полиция қызметкері әйел адамдарға такси көлігіне тек жүргізушіден басқа адам болмаған кезде ғана отыруға кеңес берді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer