ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
28 мая 2020 | 12:41

Каспий теңізінде бекірені заңсыз аулаған 98 браконьер ұсталды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған 98 браконьер ұсталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне қарасты жағалау күзеті басқармасының басшысы, 1 рангтегі капитан Сабыр Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған 98 браконьер ұсталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне қарасты жағалау күзеті басқармасының басшысы, 1 рангтегі капитан Сабыр Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 31 наурыздан бастап Қазақстанның жағалау күзеті Ресейдің федерал қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара қызметімен бірігіп, Каспий теңізінде браконьерлік іс-әрекеттің жолын кесу мақсатында шаралар жүргізген.

"98 құқықбұзушы ұсталды. Оның ішінде 14 адам мемлекеттік шекараны, 71 адам аумақтық және ішкі су (теңіз) режимін бұзғаны анықталды. Олардан 65 жүзу құралы, 42 қозғалтқыш, 4 көлік құралы, 236 шақырымға созылған ау, ілмегі бар арқан, 66 тұзақ, 55 мың ілгек және тағы басқа заттар тәркіленді", - деді басқарма басшысы.

Сабыр Хасанов браконьерлер Каспий теңізі аумағында бекірені заңсыз аулағанын атап өтті.

"763 дана немесе 3,8 мың келі бекіре, 4947 дана немесе 2,5 мың келі ұсақ балық, 43 итбалықтың заңсыз ауланғаны анықталды. Шығынның мөлшері - 85,6 миллион теңге. Мамандар 1 миллиард теңгеге бағаланған экологиялық залалға жол берген жоқ", - деді ол.

Басқарма басшысы тәркіленген балықтар теңізге жіберілгенін жеткізді.

"Шекара қызметін 3 824 балықты (оның 695-і бекіре балығы) және 43 итбалық теңізге жіберді. Браконьерлерге 1,88 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деді ол.

Оның айтуынша, браконьерлер мол пайдаға кенелу үшін Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде балық аулайды екен. Себебі, бұл аумақта бекіре балығының популяциясы жоғары.

"Олар мол пайда табуды көздейді. Себебі, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі акваториясында бекіре балығы көп мекендейді. Ал теңіздің басқа бөлігіндегі олардың саны аз. Мұны браконьерлер біледі. Салдарынан осындай заңсыз әрекетке барады. Қателеспесем, олар бекіре балығының бір келісін 50-60 долларға (20 619 - 24 743 теңге) сатуы мүмкін. Яғни балықты аулаған соң, Қазақстаннан тыс аумақта сатуға тырысады, - деді басқарма басшысы.

Сабыр Хасанов мұндай жағдай болмас үшін жағалау күзетінің қызметкерлері Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін қырағы бақылауға алғанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 497.18   525.54   4.97 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети