ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 января 2022 | 13:01

"Қасіретті қаңтар": Тоқаев кімдерді сынға алды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда 2022 жыл жаппай тәртіпсіздікпен басталды. Күні бүгінге дейін елде түрлі кадрлық өзгеріс болды. Тәртіпсіздіктер кезінде сынға қалып, қызметінен босатылғандар да болды. Tengrinews.kz тілшісі жаппай тәртіпсіздік кезінде Президент Тоқаев сынаған шенеуніктер туралы баяндайды.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2022 жыл жаппай тәртіпсіздікпен басталды. Күні бүгінге дейін елде түрлі кадрлық өзгеріс болды. Тәртіпсіздіктер кезінде сынға қалып, қызметінен босатылғандар да болды. Tengrinews.kz тілшісі жаппай тәртіпсіздік кезінде Президент Тоқаев сынаған шенеуніктер туралы баяндайды.  

Ең әуелі Президент 11 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысында Ұлттық қаіпсіздік комитеті "маңызды қауіпті байқамады" деп сынға алды. Тоқаев жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз барын атап өтті. Яғни бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі.

"Олардың көздегені - өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық. (...) Ұлттық қауіпсіздік кеңесі уәкілетті орган ретінде бұл іріткіге нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төнген маңызды қауіпті байқамады", - деген еді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

Сонымен қатар, Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменттері құпия құжаттарды тастап кеткенін айтып сынға алды. Президенттің айтуынша, бәрі бірдей өз міндетіне адалдық таныта алмаған.  

"Қазақстанның бірқатар қаласында ҰҚК департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсеналға қарамастан, ұрысқа қатыспай, қару-жарақ пен құпия құжаттарды сол жерде қалдырып, ғимараттарды тастап кетті", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

Ал бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов жаппай тәртіпсіздік кезінде командир ретінде қабілетін көрсете алмағаны үшін сынға қалды.

Президент Қарулы Күштерге деген талап күшейе түскеніне тоқталды.

"Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен әскеріміз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық", - деді ол.

Мұрат Бектанов. Фото: Қорғаныс министрлігі

Президент елдегі армияның техникалық және жауынгерлік техникасы ескіргенін атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, әскердегі қару-жарақтардың көбі 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника.

"Ескірген техникалардың мерзімі өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет", - деді Жоғарғы Бас қолбасшы.  

Мемлекет басшысы әскердің шұғыл әрекет ету қабілетін арттырып, әскери-транспорттық авиацияның әлеуетін күшейту қажет екеніне тоқталды. Оның айтуынша, әскери борышты өтеу міндетінің беделін көтеріп, абыройын арттыру қажет.  

Одан бөлек, Тоқаев қаңтар оқиғасының сабақтарын ескере отырып, қару-жарақ және әскери техника сатып алу жөніндегі 2022 жылға арналған жоспарды қайта қарауды және Қарулы Күштердегі кадрлық әлеуетті арттыру шараларын қабылдауды тапсырған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer