СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
16 июня 2021 | 13:16

"Қате ұғым". Цой коронавирусқа қатысты айтылып жүрген қауесет туралы

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алексей Цой коронавирустың қайта жұқпайтыны туралы айтылып жүрген қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алексей Цой коронавирустың қайта жұқпайтыны туралы айтылып жүрген қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі онлайн-брифингте мәлімдеді.

"Қоғамда коронавируспен бір ауырған адам екінші рет ауырмайды деген әңгіме бар, бұл қате ұғым. Елімізде шамамен 800 адам коронавируспен қайта ауырған болатын және олар вакцина салдырмағандар. Бұл жағдай бізде ғана емес, өзге де елдерде бар, мың-мыңдап адамдар ковидпен екінші рет ауырып жатыр", - деді Цой.

Сонымен қатар, министр QazVac вакцинасын еліміздің жетістігі деп бағалады.

"Қазақстанның өз вакцинасын шығаруын медициналық ұйым жоғары бағалайды. Бұл вакцинаға қатысты өз пікірін айтушылар бар, бірақ оны бәрі қолдайды. Тиісті зерттеудің барлығынан өтіп, қолданысқа берілген бұл вакцинаны нағыз мамандар жасап шығарған болатын. QazVac - Қазақстанның жетістігі. Өзім де осы отандық вакцинаны салдырдым, жағдайым жақсы және вакцина салдыруға кеңес беремін", - деді министр.

Цойдың мәліметінше, Қазақстанға вакцина жеткізу жұмыстары кестеге сәйкес орындалып жатыр. Халықтың 26 пайызына бірінші доза, 1,5 миллионға жуық адамға екінші доза салынған.

"Вакциналаудың тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстар белсенді жүріп жатыр. Вакциналау ерікті түрде жүргізіледі, бір байқағанымыз қазір азаматтарымыздың екпеге деген көзқарасы өзгерген, бір-бірін вакцина салуға шақыратын болған. Сонымен қатар, вакцина салудың тиімділігі де байқалады. Вакцина салдырғандардың 0,03 пайызы ғана вирус жұқтырған, бұл өте жақсы көрсеткіш және бұл көрсеткіш вакциналардың әсері барын және тиімділігін көрсетеді", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 523.57  course up  547.82  course up  4.99  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro