ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 августа 2020 | 18:10

Қай қалада коронавирустан адам өлімі көп тіркелді? Күннің басты жаңалықтары

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Соңғы бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 200-ге жеткен жоқ. Ал аурудан жазылғандар санына 807 адам қосылды. Сонымен қатар, осы сәтте бұрынғы Алғабас ауданында тағы алты үйдің қисайып тұрғаны хабарланды. Tengrinews.kz тілшісі 25 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 200-ге жеткен жоқ. Ал аурудан жазылғандар санына 807 адам қосылды. Сонымен қатар, осы сәтте бұрынғы Алғабас ауданында тағы алты үйдің қисайып тұрғаны хабарланды. Tengrinews.kz тілшісі 25 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Коронавирус жұқтырғандар саны 105 мыңға жуықтады

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 184 адам анықталды. Оның ішінде 72 адам клиникалық белгілерсіз, симптоматикалық тасымалдаушылар - 112.

Өңірлер бойынша (жалпы / асимптоматикалық)
Нұр-Сұлтан қаласы - 9 / 3
Алматы қаласы - 24 / 4
Шымкент қаласы - 2 / 2
Ақмола облысы - 12 / 7
Ақтөбе облысы - 4 / 1
Алматы облысы - 4 / 0
Атырау облысы - 12 / 12
Шығыс Қазақстан Облысы - 30 / 5
Жамбыл облысы - 6 / 4
Батыс Қазақстан облысы - 11 / 5
Қарағанды облысы - 20 / 8
Қостанай облысы - 10 / 5
Қызылорда облысы - 1 / 1
Маңғыстау облысы - 7 / 7
Павлодар облысы - 14 / 5
Солтүстік Қазақстан облысы - 11 / 2
Түркістан облысы - 7 / 1.

Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 104 902-ге жетті. Аурудан жазылғандар саны - 93 405. Коронавирус жұқтырған 1523 науқас қайтыс болған.

Ал 1 тамыздан бері есептелетін пневмония статистикасы мынадай: 22762 адам ауырып жатыр, 261 науқас көз жұмған.


Фото:elements.envato.com

Қай қалада коронавирустан адам өлімі көп тіркелді?

Өткен аптада, яғни, 17 және 23 тамыз аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 108 адам көз жұмған. Бүгін өткен аптада қай қалада коронавирус адам өлімі көп тіркелгені хабарланды.

COVID-19-дан адам құрбаны көп қала - Алматы. Бұл қалада өткен аптада 32 адам көз жұмған. Бұлар:

◾️ 1941, 1941, 1963, 1937, 1965, 1963, 1944, 1955, 1966, 1937, 1981, 1974, 1979, 1948, 1948, 1937 жылы туған ер адамдар,

◾️ 1947, 1936, 1951, 1960, 1950, 1963, 1987, 1941, 1960, 1939, 1954, 1956, 1959, 1939, 1958, 1950 жылы туған әйелдер.


Фото:elements.envato.com

Одан кейін Шығыс Қазақстан облысында көп тіркелген. Бұл аймақта өткен аптада коронавирустан 17 адам қайтыс болған. Ал Нұр-Сұлтанда 16 науқас көз жұмыпты.

Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарында адам өлімі тіркелмеген.

Тоқаев үндеу жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа қашан үндеу жасайтыны белгілі болды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына үндеу жасайды.

Баспасөз хатшысының сөзінше, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр.

"Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", - деді Берік Уәли.

Алғабаста тағы 6 үй қисайды

Алматы қаласы Алатау ауданындағы бұрынғы Алғабас-6, қазіргі Зерделі шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қисайғанына қатысты мәлімет шықты. Былтыр желтоқсанда Зерделідегі №179 үй 31 сантиметрге қисайған болатын.

Сол оқиғадан соң әкімдік шағын аудандағы барлық тоғыз қабатты үйді тексеруге шешім қабылдаған. Ол үшін Алматы қаласының қолайлы қалалық орта басқармасы "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ-мен келісімшартқа отырған. Жұмыс осы жылдың соңында аяқталуы керек.

"Бүгінде 6 үйге қатысты (1/180, 1/160, 1/161, 1/165, 1/167, 1/168) сараптама қорытындысы шықты. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ қорытындысына сәйкес, осы үйлердің іргетасын нығайту керек. Тұрғын үйлердің іргетасын нығайту жұмысы тұрғындарды көшірмей жүзеге асырылады. №1/160, 1/161 үйлерде іргетасын нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Құқық қорғау органдары үйдің неге қиғайсағанын әрі бұл іске жауаптыларды анықтап жатыр.

Қанша қазақстандық біржолғы төлем алды?

Карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін қанша қазақстандық біржолғы төлем алғаны хабарланды.

25 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 миллион 589 мыңнан аса бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға - 42 500 теңгеге тең.

"Төлем 2 миллион 384,3 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 380,2 мың қазақстандыққа аударылды. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді", - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer