ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 февраля 2024 | 12:46

"Қайдан келген қымбатшылық?!" Қазақстандықтар коммуналды төлем бағасы өскеніне наразы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматылықтар коммуналды төлем едәуір қымбаттап кеткеніне наразы. Бұл жағдай қаланың әр ауданында байқалған. Қала тұрғындары көппәтерлі тұрғын үйлердің чаттарында, әсіресе, жарық, жылу бағасы өсіп кеткенін жарыса жазып жатыр. Massaget.kz тілшісі жағдайға шолу жасап көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматылықтар коммуналды төлем едәуір қымбаттап кеткеніне наразы. Бұл жағдай қаланың әр ауданында байқалған. Қала тұрғындары көппәтерлі тұрғын үйлердің чаттарында, әсіресе, жарық, жылу бағасы өсіп кеткенін жарыса жазып жатыр. Massaget.kz тілшісі жағдайға шолу жасап көрді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қала тұрғындарының бірі жылуға бір шаршы метріне 26,61 теңгеден төлесе, енді бір тұрғын 180 теңгеден, енді бір алматылық 88,81 теңгеден төлегенін айтады. Баға қаланың әр ауданында әртүрлі.

Тұрғындар жалпы коммуналды төлем үшін бірі 56 мың теңге, бірі 40 мың теңге, енді бірі 20 мың теңге төлесе, бұл соманы 60 мың теңгеге жеткізгендер де бар. Ал тағы бірі 25 мың теңге шыққанын айтады (ауданы әртүрлі шаршы метр болатын пәтерлерге - еск.).

Тұрғындардың чаттарынан алынған коммуналды төлем бағалары

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, тарифтер алға қарай да өседі. Министр бұл табиғи экономикалық процесс екенін айтады. Сонымен қатар, ол қызмет құны мемлекет тарапынан реттелетінін, өсім маңызды себептермен болатынын мәлімдеді.

"Бұл процесс "реттелетін тарифтер" деп аталады, яғни мемлекет оларды реттеп отырады. Бұл ақылға қонымды болса, мемлекет кезең-кезеңімен, біртіндеп көтеруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде бізге қызмет көрсететін ұйымдар мұны сапалы, уақтылы жасай алуы керек", - деді ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Massaget.kz тілшісі қаладағы коммуналды төлем бағасына қатысты жағдайды анықтау үшін Алматы қаласы әкімдігіне жүгінді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer