Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың есімі аталатын есептің суреті тарады. Алғашында бұл мектеп оқушыларына арналған оқулықтан алынған деген де болжам болды. Massaget.kz тілшісі жағдайды анықтау үшін министрлікке сауал жолдады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Есеп мазмұнында танымал әнші Қайрат Нұртастың гастрольдері туралы сауал қойылған.
"Есепті шығар. Қайрат Нұртас 18 күн гастрольде болды. Ол 12 күн бойына күнде 3 концерттен, екі күн 1 концерттен, ал қалған күндері 2 концерттен өткізді. Қайрат Нұртас қанша концерт көрсетті?" - деп жазылған.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі өкілі бұл жалған ақпарат екенін айтты.
"Суретте көрсетілген "Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбы бойынша берілген тапсырма - мұғалімнің қалыпты бағалауға әзірлеген жеке тапсырмасы. Ал қолданыстағы 3-сыныптың "Математика" оқулығында бұл тапсырма жоқ (суретте көрсетілген). Қазіргі таңда автор (желіде таратқан - еск.) жазбасын өшірді", - деп жазылған ведомствоның Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.