"Қайталанбайтын этносуреткер". Жетпіс жастағы ақсақалдың салған суреттерін шетелдік туристер таласа сатып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайталанбайтын этносуреткер". Жетпіс жастағы ақсақалдың салған суреттерін шетелдік туристер таласа сатып алған Фото: Massaget.kz

Тілек Халин Атырау облысының Индер ауданына қарасты Бөдене ауылында тұрады. Бекзат өнерді ауылдың қоңырқай тірлігімен біте қайнастырып отырған суретші ұзақ жыл ұстаздық етіп, туған ауылында көптеген шәкірттерді тәрбиелеп шығарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тілек Халин Атырау облысының Индер ауданына қарасты Бөдене ауылында тұрады. Бекзат өнерді ауылдың қоңырқай тірлігімен біте қайнастырып отырған суретші ұзақ жыл ұстаздық етіп, туған ауылында көптеген шәкірттерді тәрбиелеп шығарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Аядай ғана ауылдан галереясы ашылған суретші 100-ден аса картинаның авторы. Бірнеше рет облыстық, республикалық суретшілер конкурсында жүлделерді иеленген ақсақалдың жетпіске келсе де қолынан қылқаламы түспеген.

Өнердегі әріптестері "Қайталанбайтын этносуреткер" деп бағалаған Тілек Халиннің бірнеше рет сурет көрмесі де ұйымдастырылды.

"Бүгінде марқұм болған суретші бауырымыз Әділқайыр Жантасов "Аджип" компаниясының базасында менің көрмемді ұйымдастырды. Бір аптаға созылған көрме кезінде оннан астам картинам шетелдерге сатылып кетті. Кейін білдім, картиналарды әрісі Германия, Италия, Жапония, берісі Түркия, Польша елдерінен келген азаматтар сатып алған екен. Шетел асқан картиналарымның көп бөлігі тарих тақырыбына арналған. Олардың ішінде "Абылайхан туралы аңыз" деп аталатын алып картинам, табиғат ғаламаттарын бейнелейтін дүниелерім бар", - деді Тілек Халин.

Ауыл өмірі, қазақ мәдениеті, қазақтың тарихы, адамның жан дүниесі тақырыптарында картиналар салып жүрген суретшінің біраз еңбектері бүгінде шетел асып кеткен.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы -1
Астана -8
Актау -7
Актобе -23
Атырау -13
Б
Балхаш -7
Ж
Жезказган -6
К
Караганда -20
Кокшетау -27
Костанай 0
Кызылорда -7
П
Павлодар -26
Петропавловск -6
С
Семей -4
Т
Талдыкорган 4
Тараз 0
Туркестан -10
У
Уральск -3
Усть-Каменогорск 4
Ш
Шымкент -6

 

Редакция Реклама
Социальные сети