ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
30 января 2020 | 12:06

"Қайтармаса сотқа жүгінеміз" - Сапарбаев АӘК ақшасына смартфон сатып алғандар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек бойынша артық төлем жасалған отбасылар бар. Енді сол отбасылар ақшаны қайтаруы керек. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Бердібек Сапарбаев мәжіліс депутаттарының Үкіметтің әлеуметтік мәселелерге жауапты министрліктерінің өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек бойынша артық төлем жасалған отбасылар бар. Енді сол отбасылар ақшаны қайтаруы керек. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Бердібек Сапарбаев мәжіліс депутаттарының Үкіметтің әлеуметтік мәселелерге жауапты министрліктерінің өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапарбаев АӘК алу кезінде қазақстандықтардың көбінің табысын жасырғанын айтады.

"Өкінішке қарай, біздің азаматтар өз табысын жасырып қалған. Былтырдың өзінде Қазақстанда 75 мың отбасы табысын жасырған. Одан бөлек, АӘК деп берілген ақшаны басқа мақсаттарға пайдаланған - несиесін төлеген, смартфондар, телефондар алған. Ал біздің мақсат ол ақшаның баланың мұқтаждығына ғана жұмсалуы. Барлық қазақстандық заңды сақтауы қажет. Заңды бұзбауы керек. Жұмсалған қаражат бюджетке қайтарылуы керек. Сол отбасылар, яғни АЕК бойынша артық төлемі бар отбасылар өз еркімен ақшаны төлесе, проблема болмайды. Ал төлемейміз десе, сот арқылы төлетеміз", - деді Сапарбаев.

Енді АӘК тоқсан сайын тағайындалады - министр

Сондай-ақ, премьер-министрдің бірінші орынбасары ID әлеуметтік картасының пилоттық жоба бойынша жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. Оның айтуынша, таяуда АӘК ID әлеуметтік картасы арқылы ғана берілетін болады.

"Барлығы арнайы ID әлеуметтік картасы арқылы беріледі. Қазір бұл карталардың пилот жобасы Ақтөбе, Атырау, Павлодар облыстарында және Алматыда жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта картаны Қостанай мен Маңғыстау қалаларында да жүзеге асыру жоспарда бар", - деді Сапарбаев.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа әлеуметтік көмектің ашық әрі әділ жолмен тағайындалуын тапсырған болатын. Осыған байланысты атаулы әлеуметтік көмектің мемлекеттік саясатына өзгерістер енгізілген еді.

Қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек: Жәрдемақы мөлшері қандай?

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети