ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
19 сентября 2023 | 09:36

"Қазақ тілінде "мақтаншақ" деген сөз ұнайды". АҚШ-тың Алматыдағы жаңа консулы Мишел Еркін эксклюзив сұхбат берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Massaget Massaget

Жуырда АҚШ-тың Алматыдағы жаңа бас консулы тағайындалды. Ал екі апта бұрын ол ресми түрде қызметін растайтын "экзекватурасын" алды. Қазақ қоғамы жаңадан тағайындалған бас консулды жылы қабылдады, себебі ол 20 жыл бұрын Алматыда қызмет еткен. Ал күйеуі - қазақ. Massaget.kz тілшісі Мишел Еркінмен өмірі, еңбек жолы мен 20 жыл бұрынғы Қазақстан мен естеліктері туралы сұхбаттасты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жуырда АҚШ-тың Алматыдағы жаңа бас консулы тағайындалды. Ал екі апта бұрын ол ресми түрде қызметін растайтын "экзекватурасын" алды. Қазақ қоғамы жаңадан тағайындалған бас консулды жылы қабылдады, себебі ол 20 жыл бұрын Алматыда қызмет еткен. Ал күйеуі - қазақ. Massaget.kz тілшісі Мишел Еркінмен өмірі, еңбек жолы мен 20 жыл бұрынғы Қазақстан мен естеліктері туралы сұхбаттасты.

Алғашқы дипломатиялық миссиясы Алматыдан басталған

Мишел Еркіннің 20 жыл бұрын шетелдегі алғашқы дипломатиялық миссиясы Алматыдан басталған.

Дипломатиялық қызметте 20 жыл бойы ол әлемнің түрлі елдерін аралап үлгерген. Бұған дейін бас консул Рейкьявиктегі (Исландия) АҚШ Елшілігінде миссия басшысының орынбасары және уақытша сенімді өкіл қызметтерін атқарды. Бұдан басқа, Панама, Қырғызстан, Сальвадор және Ресейде қызмет атқарған.

"Алматыға келгеніме 1 ай болды, бірақ мен бұған дейін 2003-2005 жылдар аралығында мұнда жұмыс істедім. Келе салысымен жағымда өзгерістер байқадым. Мысалы, Теренкур, Арбат, Бутаковка. Инфрақұрылым салынған, табиғи жердің сұлулығы сақталған. Кей жерді тіптен танымай қаласың", - деді ол.

"Үй тапсырмасын қағазға жазып, пошта арқылы жіберетінбіз"

Солтүстік Миннесотаның ауыл шаруашылығымен айналысқан ортасынан шыққан Мишел Еркін - Ақ Жер Оджибве (Чиппева) тайпасының ұрпағы. Мишел Еркіннің айтуынша, ХХ ғасырдың аяғындағы КСРО-дағы өзгерістер оның болашағына әсер еткен.

"Мен Миннесота штатында туып өстім. Бұл жер - ауыл шаруашылығына негізделген, ауылдық жер. Онда балаларға арналған мүмкіндік көп емес. Ал мені сол кезде КСРО-да болған өзгерістер қызықтырды: қайта құру кезеңі, Горбачевтің билікке келуі. Сөйтіп мен орыс тілін оқимын деп шештім. Алайда біздің кезде интернет болған жоқ, сондықтан орыс тілінен үй тапсырмасын қағазға жазып, пошта арқылы жіберетінбіз. Оның жауабы (үй тапсырмасының - еск.) екі аптадан кейін ғана келеді. Міне, орыс тілін солай үйрене бастадым. Кейін балаларға арналған лагерьге қатысып, орыс тілін одан әрі оқыдым", - деді бас консул.

Материалдың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer