ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
03 декабря 2020 | 12:32

Қазақстанда 13 шаһар қала мәртебесінен айырылады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tvzvezda.ru Фото: tvzvezda.ru

Елімізде 13 аудандық маңызы бар қала мәртебесінен айырылады. Сенат тиісті заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде 13 аудандық маңызы бар қала мәртебесінен айырылады. Сенат тиісті заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ҚР әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Сенатор Нұрлан Бекназаров заң жобасы бірқатар Парламент депутатының бастамашылдығымен әзірленгенін, әрі құжат нені көздейтінін айтты.

"Қолданыстағы ҚР Әкімшілік-аумақтық туралы заңына сәйкес аудандық маңызы бар қалаларға халық саны 10 мыңнан кем емес елді мекендер жатады. Қазіргі таңда еліміздегі 48 аудандық маңызы қаланың 13-і халық саны бойынша қала мәртебесіне сәйкес келмейді. Яғни осы аудандық маңызы бар қалаларда тұрғындар санының аздығына байланысты олардың мәртебесін өзгерту қажеті туындап отыр", - дейді депутат.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 13 аудандық маңызы бар қалада жалпы 80 мыңға жуық адам тұрып жатыр.

"Алайда қолданыстағы заңнамада аудандық маңызы бар қаланың мәртебесін ауыл санатына өзгерту жөнінде өзгерту туралы норма қарастырылмаған. Осыған байланысты осы заң жобасында аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайту құру жөніндегі құзыретті айқындайтын түзетулер енгізіліп отыр", - дейді сенатор.

Нұрлан Бекназаров 13 аудандық маңызы бар қаланың мәртебесі ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда ондағы тұрғындар заң аясында әлеуметтік қолдауларға ие болатынын атап өтті.

"Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру салалары қызметкерлерінің жалақысы жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 25 пайыздан кем емес үстемеақы қосылады. Қазіргі мәліметке сәйкес, 5 171-ге жуық әлеуметтік сала мен бюджет қызметкерлері осындай аудандарда қызмет атқарады", - дейді ол.

Сонымен қатар, депутат мәртебесі өзгеруі мүмкін қалаларда тұрып жатқан қазақстандықтар бірқатар жеңілдікке ие болатынын жеткізді.

"Олар коммуникалдық төлемдерге, қызметтік тұрғын үйге және жер, мүлік салығына қатысты жеңілдіктермен қоса, "Дипломмен ауылға", "Еңбек" бағдарламалары бойынша  кәсіптік білім алуменен, ауылдық жерде кәсіпті қолдауға, дамытуға қатысты бірқатар жеңілдікті пайдалана алады.

Оған қосымша, заң қабылданып, жүзеге асқан жағдайда тұрғындар "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасына қатыса алады. Сондықтан бұл ұсынылған түзетулер қолданысқа енгізілген жағдайда азда болса да тұрғындардың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп ойлаймыз", - деп түйінді сөзін Нұрлан Бекназаров.

 Тиісті талқылаудан кейін Сенат депутаттары заң жобасын қабылдады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети