Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 декабря 2019 13:13

Қазақстанда 148 адам қызмет барысында қаза тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Бүгінгі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еңбек міндеттерін орындау кезінде кәсіптік тәуекел және оны басқару, бағалау ұғымдарын енгізу ұсынылды. Бұл ұғымдарды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгінгі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еңбек міндеттерін орындау кезінде кәсіптік тәуекел және оны басқару, бағалау ұғымдарын енгізу ұсынылды. Бұл ұғымдарды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Біржан Нұрымбетовтің сөзінше, министрлікте кәсіптік тәуекел не еңбекті қорғауды басқару жүйесі деген ұғымдар енгізіліп жатыр. Еңбек заңнамасы осы ұғымдармен толығып жатыр екен. 

"Оның бірнеше себебі бар. Бірінші, еліміздегі қазіргі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы жағдай. Жазатайым жағдайлар динамикасы төмендеп келе жатқанымен, олар әлі бар. Соңғы 11 айдың өзінде елімізде жазатайым жағдайда 2145 адам жарақаттанған. Оның ішінде 148-і қаза тапқан. Оған айыппұлмен қоса, еңбек инспекторларының ұйғарымымен оған жауапты 47 лауазымды қызметкер қызметінен босатылды. 11 жабдық құралдарының жұмысы тоқтатылды", - дейді министр.

Министрдің айтуынша, 2 өндірістік нысан, 7 мекеменің жұмысы тоқтатылған. 820 материал құқық қорғау органдарына беріліп, оның ішінде 116-на қылмыстық іс қозғалған.

"Жұмыс берушілердің тарапынан өтемақы шығындары да төленді. Биылдың өзінде сақтандыру компаниялары 3 миллиардтан аса өтемақы төлеген. Статистика бойынша, былтырдың өзінде кәсіпорындар 116 миллиардтан аса өтемақы берген", - деп мәлімдеді Нұрымбетов. 

Министр жаңа ұғымдарды енгізу себебін түсіндірді. 

"Бұл ұғымды енгізу себебіміз - жазатайым жағдай болғаннан кейінгі шара емес, соның алдын алу шараларын күшейту. Екіншіден, еңбекті қорғауды басқару жүйесі деген жаңа ұғым емес. Қолданыстағы Еңбек кодексінің 201, 203-баптарында бұл туралы жазылған. Ол жұмыс берушінің ішкі бақылауды ұйымдастыру жағынан бірінші пунктінде жазылған.

Ол жерде еңбекті қорғау қызметтері, жұмыскерлердің оқыту білімдерін тексеру, өндірістік кеңестер және де басқасы болады. Оның үстіне біз бірнеше жыл бұрын Халықаралық еңбек ұйымының осы мәселеге қатысты 187-конвенциясында бекіткенбіз", - деп түсіндірді министр. 

Біржан Нұрымбетовтің сөзінше, елімізде 6 миллион 600 мың жалдамалы жұмыскер, 300 мыңға жуық кәсіпорын және 696 кәсіподақ бар. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілет индексі рейтінгісінде еңбек жағдайын сипаттайтын компонент бойынша, 2019 жылы Қазақстан 140 мемлекеттің ішінде 25-орынды иеленген. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.35   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети