ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 сентября 2020 | 11:45

Қазақстанда әр сотталғанға жылына 1,1 миллион теңге бөлінеді

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: drohobych.com.ua Фото: drohobych.com.ua

Қазақстанда күнкөріс минимумы биыл 32 668 теңге болып бекітілген. Яғни, кез келген адам айына осындай ақшамен өмір сүре алады деген сөз. Ал сотталып, жазасын өтеп жатқан әр азаматқа жылына 1 миллион 121 мың теңге бөлінеді. Оны 12 айға шаққанда 93 416,6 теңгеден келеді. Яғни, мемлекет қылмыс жасаған азаматты қамту үшін осынша ақша шығындайды. Сондықтан болар, колонияда отырғандардың 64 пайызы екі реттен көп сотталған. "Не деген батпан құйрық" деп қайта келгісі келетін шығар. Кім білсін?!

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда күнкөріс минимумы биыл 32 668 теңге болып бекітілген. Яғни, кез келген адам айына осындай ақшамен өмір сүре алады деген сөз. Ал сотталып, жазасын өтеп жатқан әр азаматқа жылына 1 миллион 121 мың теңге бөлінеді. Оны 12 айға шаққанда 93 416,6 теңгеден келеді. Яғни, мемлекет қылмыс жасаған азаматты қамту үшін осынша ақша шығындайды. Сондықтан болар, колонияда отырғандардың 64 пайызы екі реттен көп сотталған. "Не деген батпан құйрық" деп қайта келгісі келетін шығар. Кім білсін?!

Осыдан екі жыл бұрын әр сотталғанға жылына 876,9 мың теңге бөлінетін. Қазір шамамен 245 мыңға көтерілген. Ал елдегі күнкөріс минимумы екі жыл бұрын 29 146 теңге болған.

Сондай-ақ Қазақстанда жазасын өтеу орындарында 24 810 адам отыр. Сотталғандардың 95 пайызының жоғары білімі жоқ. 

"Қазақстан колонияларында 18 жасқа дейін - кәмелет жасына толмаған 45 адам, 18 жастан асқан 24 765 адам жазасын өтеп жатыр", - делінген ҚАЖ комитетінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Сотталған бір адамға және тергеу-қамауға алынған адамға жылына 1 миллион 121 мың теңге бөлінеді. Оның ішінде, сотталғанның тамағына 241 000 теңге, киім мен төсек-орын үшін 33 712 теңге жұмсалады. Сотталғандарға, күдікті және кінәлілерге бөлінетін шығындардың сомасына жеке құрамның 12 104 қызметшісін күту шығыны да кіреді.

Бір қарағанда сотталғандардың өмірі "керемет" болып көрінеді. Себебі киімі дайын, тамағы пісіп тұр. Басқа не керек? Дегенмен Қылмыстық-атқару жүйесі оларды жазасын өтегеннен бөлек, еңбек етуге, білім алуға, кәсіп меңгеріп, бостандыққа шыққан соң қалыпты өмірге бейімделуі үшін атсалысып жатыр.

Мәселен, қылмыстық-атқару жүйесінің энерго, жылу, сумен жабдықталуын, өндіріс-техникалық мақсаттағы (жұмыстар, тауарлар) және халық тұтынатын тауарларды шығару, сотталғандардың тамағын дайындау, азық-түлік әкелу сотталғандардың мойнына жүктелген.

"Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіппен де айналысады. ҚАЖ қызметкерлері үшін форма, мүлкі және сотталғандардың төсек-жабдығын тігеді. Металл және ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын шығарумен т.б. айналысады", - дейді ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Осыдан кейін көбіне қай жастағы азаматтар сотталады және олардың әлеуметтік портреті қандай деген заңды сауал туындайды. Олардың ішінде 20-40 жас аралығында (77 пайыз) үйленбеген ер адамдар 77 пайыз екен. Ал 95 пайызының жоғары білімі жоқ және 90 пайызы сотталғанға дейін жұмыс істемеген. Колония режиміне бағынбайтындар 63 пайыз болса, сотталғандардың 64 пайызы екі реттен артық колонияға оралған.

"Ауыр және аса ауыр қылмыс үшін сотталғандар 95 пайыз, зорлық-зомбылық мінез-құлқы бар 77 пайыз, қылмыстық топ, экстремистік және террористік ұйымдардың басшылары және қатысушылары - 7 (9) пайыз", - делінген ҚАЖ комитетінің ресми жауабында.

 35 адам адам өлтіргені үшін, 13-і зорлық жасағаны үшін (7 адам - кәмелет жасына толмаған баланы қасақана зорлау, 6 адам - топпен зорлау) жазасын өтеп жатыр.

"Ал 62 сотталғанның (77 пайызы) төлем талабы бар, олардың тек 22-сі (35 пайызы) төлейді. Өтелуі тиіс талаптың жалпы сомасы - 590 миллион теңге. Төленген сома 56 миллион теңге (9 пайыз). 12 сотталғанға (15 пайыз) сот мәжбүрлі түрде алкоголизмнен, наркоманиядан емдеу туралы қаулы шығарған", - дейді ведомстводағылар.

Қанша күтім болғанына қарамастан, сотталғандар да шағымданады. Себебі олардың да азаматтық құқы бар. 

"Сотталған азаматтар ғимараттардың ескі болғанына және медициналық қамсыздандыруға шағымданады", - делінген жауапта.

Ал олардың сол шағымын тыңдайтын, құжатқа тіркейтін прокурорлар сотталған азаматпен кез келген уақытта кездесе алады.

"ҚР Прокуратура туралы заңының 15-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, қадағалау жүргізетін прокурор жазасын өтеу мен мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын өтейтін бас бостандығынан айыру орындарына кез келген уақытта тексеру жүргізуге келуіне болады", - делінген жауапта.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer