ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 апреля 2020 | 11:15

Қазақстанда ардагерлерге жер мен үй беріледі

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Мәжілістің жалпы отырысында ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілістің жалпы отырысында ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Ардагерлер туралы" заң жобасы қаралды. Заң жобасын депутаттарға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов таныстырды.

Оның айтуынша, заң жобасы бойынша ардагерлердің негізгі санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

"Біріншісі, Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Бұл санатқа Ұлы Отан соғысының қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері жатады. Екіншісі, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер. Заң жобасына сәйкес, оларға Ауған соғысына қатысқан әскери қызметкерлер, сондай-ақ 1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде Тәжік-Ауған участкесінде ТМД-ның сыртқы шекараларын қорғанысын күшейтуге қатысқан, 1968 жылы Чехословакиядағы жанжалды шешуге қатысқан, Таулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды шешуге қатысқан және Ирактағы бітімгершілік операциясы қатысқан ұлттық контигентке кіретін азаматтар жатады", - деді министр.

Үшіншіден, әлеуметтік көмекті Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген азамар, "Құрмет", "Даңк", ІІІ дәрежелі "Еңбек" даңқының орденінің иегерлері, Қазақстанның Еңбек ері атағына ие болған азаматтар, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген, әскери қызмет атқарған және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық ерлігі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСРО ордені және медальдермен марапатталған адамдар ала алады.

Осы орайда Біржан Нұрымбетов заң жобасы аясында ардагерлер қандай көмек көрсетілетінін жеткізді.

"Егер тұрғын үй заңына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж деп танылса және бұрын бірінші кезекте пәтер пайдалану құқығын пайдаланбаған болса, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар оларды біржолғы бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етуі керек. Жеке тұрғын үй салу үшін біржолғы бірінші кезекті жер учаскелерін алу құқығы, коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі өзі тұрып жатқан пәтерлердің еліміздің тұрғын үй заңнамасына берілген тәртіппен меншігіне беруі қарастырылады", - дейді ол.

Оның айтуынша, Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда оған берілген тұрғын үйді тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтуі қажет.

Сондай-ақ, заң жобасы аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар үшін 138,63 АЕК (350 041 теңге - 2019 жыл) мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы енгізілген. Ал Социалистік Еңбек Ерлері үшін жәрдемақы мөлшерін 138,63 АЕК-ке дейін (367 508 теңге - 2020 жыл) арттыру ұсынылды. 

Заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer