ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
11 июля 2020 | 12:35

Қазақстанда айына 54 жасанды тыныс алдыру аппараты өндіріледі - вице-министр

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов отандық кәсіпорындар айына 54 жасанды тыныс алдыру аппаратын өндіруге қауқарлы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов отандық кәсіпорындар айына 54 жасанды тыныс алдыру аппаратын өндіруге қауқарлы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, елімізде жасанды тыныс алдыру аппаратының (ИВЛ) өндірісі қолға алынған.

"Денсаулық сақтау және қаржы министрліктерімен бірігіп, жасанды тыныс алдыру аппаратын өндіруді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни, аталған аппарат өндірісінің қаржыландыру тетігін жеңілдету және олардың нақты тізімін есептеп, өңірлерге жеткізу бойынша. Алдын ала болжам бойынша жасанды тыныс алдыру аппараттарына қажеттілік - 3 мың бірлік. Оны біздің отандық өндірушілер жылдың соңына дейін өндіреді. Өндірістің орташа қуаттылығы - айына 54 бірлік", - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Аманияз Ержанов алғашқы 50 жасанды тыныс алдыру аппараты осы айда ауруханаларға жеткізілетінін атап өтті.

"Аппаратты негізгі өндірірушілер - "БАРК Технолоджи" ЖШС, "Казахстан инжиниринг" ЖШС. Олар осы аппараттарға деген қажеттілікті жабуы қажет. Егер аппараттарға қосымша қажеттілік туындаса, "Орал медрегион" ЖШС, "Казмедприбор" ЖШС-ға үміт артамыз. Бұл орташа есеппен айына 386 аппарат немесе жыл соңына дейін 1 930 бірлік", - деді ол.

Сондай-ақ, вице-министр қазіргі таңда сынақтан өткізу үшін Қытай мен Түркиядан жасанды тыныс алдыру аппараттары жеткізілгенін атап өтті.

"Алғашқы жасанды тыныс алдыру аппараты денсаулық сақтау министрлігіне берілді. Екіншісі бүгін беріледі. Егер сынақтар сәтті өтсе, кәсіпорындар бірден аппаттарды өндіруге кіріседі. Шетелдік серіктестермен аппараттарды өндіру және қосалқы бөлшектер технологиясын беру бойынша уағдаластық бар", - деді Ержанов. 

Ол еліміздегі мобильді жасанды тыныс алдыру аппаратының өндірісіне тоқталды.

"Оны бізде "Тыныс" АҚ өндіреді. Ол шілденің соңына дейін денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге 270 мобильді жасанды тыныс алдыру аппаратын жеткізеді. Кәсіпорын айына 500 аппарат шығаруға мүмкіндігі бар", - деді вице-министр.

Сонымен қатар, Аманияз Ержанов бүгінде 9 отандық тауар өндіруші тәулігіне 490 мың дана медициналық маска өндіре алатынын айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 6 айдың есебі бойынша маскаға қажеттілік - 11 миллион дана. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына 83 миллион маска және басқа органдарға 29 миллион маска қажет. Бұл сұранысты қанағаттандыру үшін барлық өңірдегі маска өндірітетін кәсіпорындар мен тігін маскаларының өндіріс қуаты арттырылды. Сондай-ақ, жаңа 4 өндіріс іске қосылды", - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, маска мен қорғаныс құралдарын өндіру тәулігіне 1 миллион 100 мыңға жеткізіледі.

"Нәтижесінде масканы өндіру көлемі 6 айда 198 миллион болады. Ал қажеттілік 110 миллон маска, қалған 96,8 миллион маска дәріханалар желісіне жеткізіледі. Қазір мұны жүзеге асырып жатырмыз. Тігін кәсіпорындарына жеке алғысымды айтамын. Олар еліміз үшін қиын кезеңде қалыс қалмай, маска өндіруге кірісті. Бұл - республикадағы 70 тігін кәсіпорны", - деп түйіндеді сөзін Ержанов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 495.95   520.82   4.99 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети