ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 мая 2020 | 10:24

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар арасында 355 бала бар - Біртанов

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандардың өсімі 5 пайыздан аспағанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандардың өсімі 5 пайыздан аспағанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр қазір коронавирус жұқтырып, ем қабылдап жатқан науқастардың санына тоқталды.

"Коронавирус жағдайына байланысты Үкіметте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жалпы қазір еліміздегі коронавирус жұқтыру жағдайы осындай болып тұр. Бүгінде 9300-ден астам жұқтырған адам тіркелді. Олардың арасында жартысы - 50 пайызы 4 600-ден астам науқас емделіп, ауруханадан шықты. Өкінішке қарай, 37 науқас қайтыс болды. Қазіргі уақытта 4653 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 355 бала бар", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.

Министрдің айтуынша, науқастардың 85 пайызының жағдайы жеңіл деңгейде. Көбіне науқастар симптомсыз тіркелген. Бірақ 13 пайызы - 543 науқас орташа жағдайда, 1,5 пайызы - 58 науқас ауыр жағдайда, 19 науқас жасанды вентиляцияға қосылған. 

Дегенмен соңғы екі аптада мамыр айының басымен салыстырғанда өсім деңгейі байқалған. Сондай-ақ, министр өсім деңгейі жоғары аймақтарды атады және оның себебін түсіндірді.

"Соңғы екі аптаның жағдайын қарасақ, өсім деңгейі байқалып отыр. Өткен 2 аптаның ішінде күнделікті өсім деңгейі 5 пайыздан аспайды. Соған қарамастан кей өңірде коронавируспен тіркелген науқастардың саны өсті. Атырау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облысы және Шымкент қаласында. Осы өңірлердегі өсім, өкінішке қарай, үлкен кәсіпорындарда тіркелген.

Мысалы, Атырау облысында "Теңіз" кен орнында 1063 адам, Қарағанды облысында 358 адам, Шымкент қаласында "Петро Қазақстан" ұйымында 2019 адам, Нұр-Сұлтан және Түркістан қаласында құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам адам, Жамбыл облысы және Алматыда  әскери ұйымдардың ішінде осы үлкен топ науқастар тіркелді. Себебі белгілі - карантин кезінде халық үйде отырған кезде жұмысы тоқтамаған кәсіпорындарда жұмысшылар жұмыс істегеннен кейін инфекцияны тарату тәуекелі жоғары болған соң тіркелді", - деді Біртанов.

Еске салайық, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9304-ке жетті. Өткен тәулікте өсім 3,7 пайыз болды. Аурудан 4613 адам айықты.

26 мамырда Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болғаны хабарланған. Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады. Ер адам 1951 жылы туған. Ал екінші жағдай Қостанай облысында тіркелген - әйел адам 1965 жылы дүниеге келген. Осылайша елде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 37-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer